Интернет алаяқтары көбеюде

  • 27.04.2023

                     

Бөгде адамның мүлкін ұрлау және оны жалған уәделермен сендіру арқылы алдау, сонымен қатар ол адамға шығын келтіру мен зардап шектіру – алаяқтық болып есептеледі.

Соңғы уақытта интернет алаяқтар саны күрт өсіп келеді. Заман ағымына байланысты оларда түрлі бағыттағы алдау жолдарын пайдаланып отыр. Ғаламтордың әккілері әсіресе әлеуметтік желі арқылы алдауды пайдаланады. Олар әдетте әлеуметтік желі арқылы жалған хабарламалар таратып, аккаунт пен арнайы сайттар жасап қызықтырып қояды. Ең жиі кездесетін интернет алаяқтарының түрлері интернет арқылы сауда мен қызмет көрсету сонымен қатар өздерін банк қызметкері ретінде көрсетіп, таныстырады. Сол арқылы олар адамдардың сеніміне кіріп, банк есепшоттарының кодттарын ашып, онлайн несие алуды көздеп отырады.

Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай – Алматыда интернет алаяқтардың байланыс орталығы анықталып, ол жерде Грузия азаматты заңсыз табыс тауып отырғанын мәлімдеді.

Ресми деректерге сүйенсек, соңғы бірнеше айдың ішінде әртүрлі инвестициялар мен инвестиция тарту арқылы жасалған алаяқтықтың саны көбейген. Сонымен қатар, банк қызметкерлері және құқық қорғау органдарының атынан хабарласып, халықты алдайтындар да аз емес. Осы жылы үш айдың ішінде 400 – ден аса қылмыстық іс тіркелген.

«Алматы қаласы бойынша киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында интернет –алаяқтарынының колл орталығын анықтаған. Жүргізілген операция кезінде ол жерде Грузия Республикасының 24 азаматы ұсталды», - деді Жандос Сүйінбай.

Халық алаяқтарға сеніп код пен пароьлдарын айтып қана қоймай, кредитке ақша алады. Кейбір азаматтар пәтер мен көліктер, мүліктерін сатып, барлық ақшаларын алаяқтардың шотына аударып жібере салған.

Бүгінгі таңда еліміздің әр өңірінде интернет – алаяқтарымен күрес және тергеу бойынша мамандандырылған топтар жұмыс істеп отыр. Сонымен қатар Астана «Киберпол» пилоттық жобасы іске қосылған.

Айта кетейік, интернет – алаяқтары көбіне трансшекаралық сипатта болады. Мысалы, бір қылмыстық істе басқа өңірде, ал басқа істе мүлде бөлек елде жүруі мүмкін. Сол себепті осындай интернет қылмыстарды ашу үшін бірнеше ай мен бірталай уақытты алу ықтимал. Интернет алаяқтардың басқа мемлекетте отырып қылмыс жасауы қылмыстық іс – шараны бірден шешуге кедергі келтіретіні анық.

Биылғы жылы үш айда алаяқтар қазақстандықтарды 3 миллиард теңгеге алдап, сан соқтырып кеткен.

Криминалдық полиция департаменті интернет алаяқтарынан сақ болып, қарапайым сақтық шараларын білуге шақырады. Ол дербес деректер мен банк карталарының мәліметтері мен кодтарын, құпия сөздерін ешкімге айтпауға, күмәнді деп ойлаған хабарламалар бойынша ақша аудармауға, телефондары мен компьтерлерге белгісіз әрі түсініксіз қосымшаларды жүктемеуге,  әртүрлі сілмеге өтпеуге шақырады.

Байланысты жаналықтар

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

22.09.2023

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

20.09.2023

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

20.09.2023

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

18.09.2023
MalimBlocks
Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

Министерство высшего образования разработало проект: родителям предлагают копить на учебу детей по системе "Келешек", сообщает Sputnik.kz.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

Қатты соққының әсерінен мұрыны сынып, ота да жасатқан

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

Алматы облысы Талғар ауданында ауруханада қайтыс болған марқұмның туыстары жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін ұрып кеткен.

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.