Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Депрессияға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алуға болады

Денсаулық
Депрессияға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алуға болады
©ҚазТАГ - kaztag.kz

Бұл туралы tengrinews.kz басылымы жазыпты. Басылымға қазақстандық азамат депрессияға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеуге болатыны туралы әлеуметтік желіден оқығанын жазыпты. Бұл сауалды Tenginrews.kz редакциясы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне жолдаған екен.

Денсаулық сақтау министрлігі "депрессия" деген диагнозды психиатр дәрігер қоятынын атап өтіпті. Сонымен бірге, алғашқы қарауды жалпы тәжірибедегі дәрігер мен психолог та өткізе алады екен. Бірақ емдеуді психиатр дәрігер жүзеге асырады.

Депрессияға шынымен еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеуге болады. Егер дәрігер - пациенттің күйі оның жұмыс қабілетіне келтіреді деп тапса, депрессияның жеңіл дәрежесі үшін де анықтама беруі мүмкін. Бірақ, орта немесе жоғары дәрежедегі депрессия болса, онда науқас ауруханада емделгені дұрыс. Ондай ем-дом шараларының стандарттары бекітілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу