«Карантинге жатқызылған азаматтар ауру емес»

Malim Админ

  • 05.03.2020

Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ өзге елдерден келетін жолаушыларды Қазақстанға кіргізуді шектеу шараларына байланысты пікір білдірді.

«Шектеу болуы тиіс. Көптеген ел шектеуді енгізеді. 4 наурызда бірінші санаттағы елдерден келген шетел азаматтары үшін шектеулер енгізілді. Жолаушылар ағынын қысқарту үшін осындай нормалар күшіне енді. Өкінішке қарай, біздің азаматтарымыз ескерту мен қауіп-қатерге қарамай, басқа елдерге, әсіресе бірінші санаттағы елдерге шығуларын қояр емес. Әсіресе, біздің азаматтар көп баратын Оңтүстік Кореяны ерекше атап өткім келеді. Ауру кең таралып келе жатқандықтан біртіндеп шектеу шараларын енгізудеміз. Сондықтан біз алғашқы күндерден бастап азаматтарымызды бұл елдерге бармауға шақырдық. Бізді бизнеске кедергі келтірді деген сыңайда сынға алды. Бірақ бұл ұсыныстар азаматтарымызды қорғауға бағытталған», - деді Елжан Біртанов

ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында. Министрдің айтуынша, ескертуге қарамастан кетіп қалған азаматтар елге келген кезде шектеу шараларына дайын болуы тиіс.

«Бұл денсаулық сақтау кодексіне сәйкес заңды қадам. Осы стандарттарды бұзғаны үшін жауапкершілік те қарастырылған. Шектеулер енгізілгенімен біз әрдайым басқа елдердің әуе компанияларына ықпал ете алмаймыз. Сондықтан халықты қорғау мақсатында бізге келіп жатқан азаматтарды депортациялауға дейінгі әрекетті жасауға, жер аударуды жүзеге асыруға құқығымыз бар. Атап айтқанда, 4-і күні БАӘ-ден борт келді. Онда ҚХР-дың екі азаматы бар болып шықты. Біз оларды оқшаулап, бақылап, Қытайға жібердік. Басқа елдер де осындай шараларды қабылдауда. Бұл үйлесімді саясат», - деді министр.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі қосымша шараларды қабылдамақ.

«Жапониядан келген жолаушылардың жағдайы туралы білесіздер. Олардың жағдайы тұрақты, жақын арада емханадан шығарылады. Сонымен қатар бүгін Оңтүстік Кореядан борт келеді. Біз оларды да карантинге орналастырамыз. Біздің клиникалардың дайындығы жақсы. Орналастырамыз, тексереміз. Егер науқастар болса, оларды мамандандырылған ауруханаларға жатқызамыз. Бізде азаматтар үшін тамақпен қамтамасыз ететін және санитарлық нормаларға сай келетін орындар жеткілікті. Карантинге жатқызған азаматтар ауру адамдар емес. Олар дені сау адамдар», - деп сендірді Елжан Біртанов.

Дереккөз: inform.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

30.03.2023

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

28.03.2023

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

27.03.2023

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

24.03.2023

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

23.03.2023
MalimBlocks
1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

Қазіргі бағадан 182-185 теңге жоғары

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жеткіліксіз

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

Мүфти Алланың атынан жалған сөйлеу, өте ауыр күнә екенін айтты

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

«Өзеннің арғы бетінде қалған» әріптестеріме не дейін?