Кәсіби мамандарды бағалау қоғамды алға жетелейді 

Шаруасын шалқытқан, қуат-күшін мемлекеттің дамуына жұмсаған еңбек адамдары алғашқы лекте тұруға тиіс

Malim Админ

  • 19.05.2023

Елімізде еңбек адамдарына, маңдай терін төгіп, Отанның гүлденуіне мол үлес қосқан азаматтарға жіті назар аударылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жетістік атаулының ұшар басында іскерлік қабілет пен ақадал еңбек жататынын үнемі айтып келеді.  Сондықтан да шаруасын шалқытқан, қуат-күшін мемлекеттің дамуына жұмсаған еңбек адамдары алғашқы лекте тұруға тиіс. Өз кәсібінің жілігін шағып, майын ішкен шеберлерді, ерінбей-талмай еңбек еткен мамандарды ынталандыру ісі кейінгі уақытта қарқынды қолға алынды. Біз әдетте  ел абыройын асқақтатқан спорт майталмандары, әскери шенділер, депутаттар мен министрлер сияқты жоғары лауазымды тұлғалардың мәртебе төрінен жиі табылатынын көретінбіз. Кейінгі уақытта президент пәрменімен қарапайым еңбек адамдарына айрықша көңіл бөлінді. Шалғайда жүрсе де олардың сіңірген еңбегі, атқарған нәтижелі  жұмыстары лайықты бағалана бастады. Мәселен, биыл бауырлас ел Түркияда апатты жағдай орын алғаны белгілі. Зілзала кезінде біздің құтқарушыларымыз бірден сақадай сай аттанып, қолдан келген көмегін аяған жоқ. 7 адамды үйіндіден аман алып шығып, жоғалғандарын тапты.  Қазақстандық 41 қайсар, батыр  азамат сын сағатта  ерен ерліктің үлгісін көрсетті.  Қызметтік борышын барынша адал атқарып, Түркия мен Сириядағы төтенше жағдайдың алдын алуда жанқиярлық танытқан кәнігі мамандарды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалармен марапаттап, ерекше құрмет білдіргені белгілі.  Құтқарушылар «Құрмет»,    II дәрежелі «Айбын»  ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен,  Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына ие болды.  Олардың қатарында Айдын Қарақоржынұлы, Руслан Сойко, Ерік Берікұлы, Берікболсын Хабиболла сынды өз ісінің үздіктері бар.    Құтқарушы болу – өте жауапты  әрі аса қауіпті жұмыстардың бірі. Әсіресе табиғи апат болған жерлерге барып үйінді астынан адамдарды құрқару тіптен қиын. Тағы бір айта кетерлігі, Түркияға әлемнің біраз елінен құтқарушылар барды. Солардың ішінде біздің қазақстандықтар ең соңғы болып шықты. Бұл да еліміздің мықты мамандарының бай тәжірибесін, табындылық сынды асыл қасиетін көрсетеді.   Апат, қауіпті оқиға айтып келметіні мәлім. Қай кезде залалын тигізерін ешкім де білмейді. Сондай уақыттарда біздің озат мамандар алдыңғы шептен көрініп жүр. Айталық, биылғы жылы Шымкент шаһарындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Жамбыл облысына қарасты Жаңатас қаласында қолына суық қару алған қылмыскерлер айласын асырмаққа бекінген-ді.  Қауіпті кезеңде полиция қызметкерлері Арман Әріпжанов пен  Бекен Қонысов өмірлерін бәйгеге тігіп, күдіктілердің жолын кесті, қиындықты болдырмады.  Оларды да Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы  II дәрежелі «Айбын»  орденімен марапаттап, ерлігін жоғары бағалағаны есімізде.  Мемлекет басшысы соынмен бірге мерекелік күндерді атап өтуге айрықша ден қойды. Биыл айтулы күндер санатына тағы екі мейрам енгізілді. 5-ші қазан – мұғалімдер күні, ал 6-шы қазан қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні болып белгіленіп отыр. Бұл да өз кәсібін бойтұмарындай қадірлеп, қоғамға пайдамды тигіземін деген әрбір кәсіби мамандарға жасалған зор қолдау деп түсінуіміз қажет. Себебі, еңбектің қазанында қайнаған ел азаматтары қандай құрмет, марапатқа болсын шын лайықты. Ал құрмет дер кезінде көрсетілгені жөн.     

Байланысты жаналықтар

Президент энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

13.12.2024

12 млрд актив мемлекетке қайтарылған. Қаражат қайда жұмсалады?

28.10.2024

Республика күні қарсаңында ғалымдар, мұғалімдер, дәрігерлер, құтқарушылар және жұмысшылар марапатталды

23.10.2024

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

23.10.2024

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекетке қайтарылды

10.10.2024

Физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

07.10.2024
MalimBlocks
Президент энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

12 млрд актив мемлекетке қайтарылған. Қаражат қайда жұмсалады?

4 келісімге қол қойылды

Республика күні қарсаңында ғалымдар, мұғалімдер, дәрігерлер, құтқарушылар және жұмысшылар марапатталды

«Қазақстанның Еңбек Ері», «Отан», І дәрежелі «Барыс» ордендері басқа да наградалар табысталды

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Сыйлық гендік белсенділікті реттеудің негізгі принципін ашқаны үшін берілді