Коронавирустің атын жамылып, алаяқтардың жұмысы жанданды

Malim Админ

  • 08.04.2020

Fingramota.kz коронавирус инфекциясы тақырыбына байланысты қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлерінің таралғаны туралы ескертеді. 

Алаяқтар Интернетте және әлеуметтік желілерде COVID-19 диагностикасы бойынша қызмет көрсету, әуе және теміржол билеттерінің, театр және концерттер билеттерінің құнын қайтару, 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік көмекті қоса алғанда, әртүрлі жәрдемақы алу туралы хабарландырулар таратады.

Алаяқтар өздерін қаржы ұйымдарының қызметкеріміз деп таныстырып және кредиттер бойынша мерзімін кейінге қалдыру, банктік шоттар ашу және банктерге, микроқаржы ұйымдарына, ломбардтарға өтініш беру бойынша қызметтерді ұсына отырып қарыз алушыларға хабарласады.

Алаяқтар коронавирус, қорғаныш құралдарын сатып алу немесе осы инфекциядан емдеу туралы ақпарат бар электрондық хаттарды белсенді түрде таратады. Осы электрондық хабарларда дербес деректерді енгізу немесе банктік операцияларды жүргізу қажеттілігі жөніндегі әртүрлі сілтемелер көрсетіледі. Осылайша, алаяқтар пайдаланушылардан жеке төлемдік деректерді алып қою үшін зиянды салымдар ашуды ұсынады. Киберқылмыскерлер де пайдаланушыларға инфекциямен күресуге қайырымдылық жасауды ұсынады және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның хаттарын жібереді, сонымен қатар төлем карталарының деректерін алады.

Алаяқтар Facebook, Instagram және Telegram сияқты әлеуметтік желілерде алаяқтық боттарды құрып, желі пайдаланушыларымен хат алмасуға кірісіп, олардың сеніміне ие бола отырып белсенділік танытады.

Алаяқтар пайдаланушының дербес деректерін біліп алу мақсатында әртүрлі қулыққа барады. Бұл дегеніміз ЖСН, төлем картасының немесе шоттың деректері, SMS-хабарламаның коды және тіпті ЭЦҚ.

Өздерінің дербес деректерін, оның ішінде ЭЦҚ-ны ұсына отырып, картадағы немесе шоттағы барлық қаражаттың қолма-қол ақшаға айналу, сіздің атыңызға күмәнді мәмілелер ресімделу, мәселен, пәтердің қайта ресімделу немесе бөгде адамдардың сіздің пәтерде тіркелу қаупі бар.

Сондай-ақ күдікті интернет-ресурстарда тіркеуден өтудің және осылайша белгісіз тұлғаларға өзінің жеке деректерін берудің қажеті жоқ. Бүкіл әлемде белең алып жатқан қаржылық алаяқтықтың кезекті түрі – бұл жалған пікіртерімдер және басқа да ақылы тапсырмалары бар алаяқтық сайттар. Халық арасында ақы төленетін сауалнамалар жүргізетін бұл сайттар, шын мәнінде, әлеуметтік жобаларға қатысушыларға ақша төлемейді. Мұндай сайттардың схемалары шамамен бірдей. Азаматтарға сайтта тіркеуден өтіп, бірнеше ақылы сауалнамаға жауап беру ұсынылады. Қатысушыларға минут сайын, сағат сайын немесе жауап берген сұрақтардың саны бойынша ақы төлеу ұсынылады. Ақыны алған кезде алаяқтық схеманың қатысушысы ол еңбек сіңірген барлық сома алына алмайды және оған қаражатты шешіп алуға лимит ұсынылады. Сондай-ақ қатысушылардан сауалдарда «еңбек сіңірілген» ақшаны алу үшін өздері белгілі бір сома енгізуді сұрайды.

Алаяқтар жүргізілген сауалнамалардың демеушілері немесе тапсырыс берушілері ретінде танымал ірі компаниялар мен екінші деңгейдегі банктерді көрсетуі мүмкін. Осындай сайттардың көбі бірдей дизайнмен және қызметпен бір интерфейстерде жасалғандықтан белгілі бір ұқсастықтары болуы мүмкін. Жалған сауалнама сайттарында тіркеуден өткен пайдаланушылар өз аккаунттарын жоя алмайды, олардың деректерін алаяқтар пайдалануы мүмкін.

Кибер-гигиенаны сақтаңыз:

  1. Төлемдерді растау үшін пайдаланылатын парольдерді, кодтарды немесе конфиденциалды деректерді ешқашан ешкімге хабарламаңыз. Қауіпсіздіктің заманауи жүйелері басқа адамдарға парольдер мен кодтар берілмейтіндей етіп жасалады.
  2. URL-адресті тексеріңіз. Әсіресе таныс емес жөнелтушілерден алынған сілтемелерді тексеріңіз. Қаскүнемдер жазылуы бойынша ұқсас домендерді жиі пайдаланады.
  3. Конфиденциальды ақпаратты, мысалы парольді енгізу талап етілетін сайттарда HTTPS: // префиксінің болуын тексеріңіз.
  4. Заманауи браузерлердің көпшілігінде фишингтің жаппай шабуылына қарсы тұрудың ендірілген тетіктері бар. Қауіптер туралы браузердің хабарламаларына назар аудару керек.
  5. Егер сіз ұйымдардың сайты немесе парақшасының фейктік екендігіне көз жеткізсеңіз, сол ұйыммен байланысыңыз және өз банкіңіздің интернет-банкинг жүйесінде төлем жасағыңыз келсе ақпаратты нақтылап алыңыз. Ең бастысы Банкке қоңырау шалып, ақпаратты нақтылап алған жөн. Есіңізде болсын, банк менеджерлері алдымен клиентке қоңырау шалмайды, сондықтан сізге қоңырау шалып, сіздің шотыңыздағы түсініксіз транзакцияларды бұғаттау үшін SMS арқылы келіп түскен кодты сұраса, телефонмен сөйлесуді аяқтап, сізге қызмет көрсететін банкке хабарласыңыз.
  6. Егер сіз күдікті сайтта тіркелген болсаңыз, онда жеке деректеріңізді қорғау үшін электрондық поштаңызды өзгерту керек.

Fingramota.kz қырағы болуға, алаяқтардың қармағына түспеуге шақырады!

 

Байланысты жаналықтар

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

31.05.2023

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

29.05.2023

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

29.05.2023

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

25.05.2023

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

24.05.2023

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

23.05.2023
MalimBlocks
Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

Родители школьников, недовольные увеличением учебного года до 31 мая, не дают покоя министру просвещения Гани Бейсембаеву. Круглые сутки его ведомство мониторит социальные сети, чтобы понять, что делать с переносом последнего звонка дальше.

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

Жители Экибастуза, уставшие выступать против строительства жилой этажки возле школы №23, хотят, вынести сор из избы. Они считают, что в дело должен вмешаться министр по инвестициям и инфраструктурному развитию Марат Карабаев.

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

Олар амалдың жоқтығынан үйінің төбесіне әкімнің есімін жазып қойған

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

Жители столичного комплекса Bai-Tursyn жалуются на рекламу депутата парламента с большой аудиторией в соцсетях Даулета Мукаева. Они считают, что парламентарий, еще до обретения депутатского мандата, ввел их в заблуждение, рекламируя новостройки, качеством которой они сейчас недовольны.

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

Маңғыстау облысында жемқорлықпен айыпталған шенеуніктерден тәркіленген қаржыға биыл 4 мектеп салынатын болды.

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Жетісу облысындағы Текелі қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны ауыз суды Қора өзенінен ішіп отыр.