Мемлекеттік хатшы Семейге келді

Malim Админ

  • 29.08.2020

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек КӨШЕРБАЕВ бастаған делегация Семей полигонының жабылу күніне орай Шығыс Қазақстан облысында болып, Семей қаласындағы ядролық сынақтың құрбандарына арналған Монументке гүл шоқтарын қойды.

Делегация құрамында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ және басқа да азаматтар бар.

Ядролық сынақтың құрбандарына арналған Монументке гүл шоқтарын қою рәсімінде Мемлекеттік хатшы жарты ғасырдан астам уақыт өткізіліп келген ядролық жарылыстарды толыққанды тоқтатып, полигонды жабу бұрынғы Кеңестер одағы басшылығының қарсылығына қарамастан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың патриоттық, ұлтжанды  тарихи шешімі семейліктердің ғана емес, бүкіл қазақ халқының, қазақстандықтардың, дүниежүзіндегі прогрессивті адамзаттың қолдауына ие болғанын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының атаулы күніне орай қазақстандықтарға арнаған Үндеуін оқып берді.

Одан әрі Мемлекеттік хатшы бастаған делегация және Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның бір топ мүшелері Семей қаласындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, «Қарағайлы»  шағын ауданының, көпбейінді мәдени-спорттық кешенінің құрылыс барысымен, Абай атындағы алаңды, Абай атындағы театрды қайта қалыпына келтіру, Абай атындағы музейді қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Бұдан кейін Абай ауданында болып, ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай берген тапсырмасына сәйкес қалыпқа келтірілген Сырт-Қасқабұлақтағы, Жидебайдағы тарихи нысандарды аралап көрді.

Дереккөз: akorda.kz

Байланысты жаналықтар

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023
MalimBlocks
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды