Мұнайдың биржалық сауда-саттығын енгізу ұсынылды

Malim Админ

  • 01.07.2022

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өтті. Жиында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басты тауар нарықтарын реформалау жөніндегі ұсыныстары қаралды.

"Мұнай нарығындағы қатысушылар санын арттыру, мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды жақсарту үшін мұнай өңдеу зауыттары мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей сатып алу, мұнайдың биржалық сауда-саттығын енгізу, мұнай өнімдерін сату көлемін ұлғайту ұсынылды", - делінген Рrimeminister.kz сайтында.

Тауарлық газ нарығын реформалау бойынша биржалық сауда-саттықты енгізу және жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлық газға қол жеткізу ережелерін қабылдау да талқыланды. Бұл жабдықтаушы ұйымдарға оны тікелей және бәсекелестік негізде алуға мүмкіндік береді.

Әлихан Смайылов энергетика министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға бұл тәсілдерді ел экономикасына әсер ету тұрғысынан қосымша талдауды тапсырды.

Сондай-ақ отырыста азаматтық авиация, қоғамдық көлік және қаржылық қызметтер нарықтарын демонополизациялау жөніндегі шаралар қаралды. Үкімет басшысы авиаотынмен биржалық сауда-саттық үлесін 10-нан 20%-ке дейін арттыру, әуежайларда ашық аспан режимін қолдану мерзімін 3-тен 5 жылға дейін ұлғайту жөніндегі ұсыныстарды қолдады. Ел ішіндегі банктер арасында клиенттердің ағымдағы шоттарын аудару жүйесін және ашық банктік бағдарламалық интерфейстер стандарттарын (Open Banking и Open API) енгізу мәселесі де қаралды.

Электр энергиясы, теміржол жүк және жолаушылар тасымалы нарықтарын демонополизациялау жөнінде ұсыныстар айтылды.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін