Оралда тұрғын өз бүйрегін шетелдікке 20 мың доллорға сатпақ болған

Оны полиция Алматы қаласының әуежайынан ұстаған.

Есенжол Елекенов

  • 01.08.2023

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның ақпаратында, бүйрегін сатпақ болған тұрғын отаны Кения Республикасында жасату бойынша мәміле жасасқан.

- ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы адам органын сату әрекетін тоқтатты. Анықталғанындай, 1990 жылғы А. есімді азамат – Орал қаласының тұрғыны, отбасылы, вахталық әдіспен жұмыс істейді. Ақшаның жетіспеушілігінен осындай қадамға бармақ болған,- дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің ақпаратына қарағанда, ұсталған тұрғын мамыр айында халықаралық интернет-сайтта ақшалай сыйақы үшін трансплантацияға арналған бүйрек органын сату туралы хабарландыру жариялаған. Оған Телеграм каналы арқылы сайттың қызметкерлері байланысқа шығып, ортақ мәмілеге келу арқылы құны 20 мың АҚШ долларын тұратын отаны Кения Республикасында жасауға келіскен.

- Екі ай бойы 33 жастағы тұрғын медициналық орталықтарда тапсырған талдау нәтижелерін Телеграм каналы арқылы жіберіп отырған. Сайт қызметкерлері оған жол жүру, электронды виза үшін 250 АҚШ доллары көлемінде ақша жіберген. 30 шілде күні полиция қызметкерлері аталған азаматты Алматы қаласындағы әуежайдың ұшу аймағынан ұстады. Одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азамат Орал қаласына жеткізіліп, ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 116-бабы 1-бөлігіне сәйкес (адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деді ведомство.

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Оралда стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілді

16.04.2024

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

Оралдағы Назарбаев даңғылының атауы өзгеруі мүмкін бе?

14.08.2023

Оралда 201 млн теңгеге төселген асфальт неге кесілді?

28.07.2023

Оралда қатты жаңбыр жауып, көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен жеке тұрғын үйлердің аулаларына су кірген

17.07.2023

Орал қаласында балабақша көбейеді

22.02.2023
MalimBlocks
Су тасқыны: Оралда стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілді

Өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 6,3 мыңнан астам адам және 1,5 мың техника тартылып отыр.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

Оралдағы Назарбаев даңғылының атауы өзгеруі мүмкін бе?

Оралдағы Назарбаев даңғылының атауын өзгерту турасында бастама бір жылдан бері көтеріліп келе жатса да, жергілікті билік әзірге оған құлақ аса қойған жоқ.

Оралда 201 млн теңгеге төселген асфальт неге кесілді?

Орал қаласында Мұхит көшесіне 201 млн-нан астам теңгеге төселген асфальт кесіліп тасталған. Күні кеше төселген асфальттың не үшін кесілгеніне түсінбей дал болған кей тұрғын жергілікті биліктің бұл әрекетіне наразы болған. Олар республикалық «Әділ жолы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысындағы филиалына шағымданған.

Оралда қатты жаңбыр жауып, көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен жеке тұрғын үйлердің аулаларына су кірген

Орал қаласында жаңбырдың салдарынан қаланың Зачаганск кентіндегі көпқабатты үйлердің және Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың жертөлесін су кірген. Сонымен қатар Казталов, Тасқала, Бәйтерек аудандарында жеке сектордағы тұрғын үйлерді де жаңбыр суы басқан.

Орал қаласында балабақша көбейеді

Үміткерлер бұл жолы жиын өткізбей, әрбір бутикті аралап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.