Оралда пәтер тонаушылар ұсталды

Ақпан айында Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында бірнеше ірі ұрлық болды

Malim Админ

  • 28.02.2025

Батыс Қазақстан облысында криминалдық полиция қызметкерлері жеке үйлерді тонады деген күдікпен қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Биылғы жылдың ақпан айында Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында бірнеше ірі ұрлық болды. Қылмыскерлер үш үйге пластикалық терезені итеріп кіріп, алтын бұйымдарды (сырға, сақиналар, алқалар және т.б.) және ақшалай қаражатты ұрлаған. Ұрлық кешкі және түнгі уақытта үй иелері болмаған кезде жасалғаны анықталды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыстың төрт тұрғынын ұстады. Олардың үшеуі бұрын бірнеше рет ұрлық, тонау және алаяқтық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

Ұрланған заттардың бір бөлігі күдіктілер өткізіп жіберген орындардан тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты үш эпизод бойынша алдын ала тергеу басталды.

 Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жалпы шығын сомасы 2 миллион теңгеден асады. Қылмыскерлердің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Талғар ауданында атыс болды

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді