Оралда 201 млн теңгеге төселген асфальт неге кесілді?

Орал қаласында Мұхит көшесіне 201 млн-нан астам теңгеге төселген асфальт кесіліп тасталған. Күні кеше төселген асфальттың не үшін кесілгеніне түсінбей дал болған кей тұрғын жергілікті биліктің бұл әрекетіне наразы болған. Олар республикалық «Әділ жолы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысындағы филиалына шағымданған.

Malim Админ

  • 28.07.2023

«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысындағы жетекшісі Бауыржан Ахметжан бұл бойынша прокуратураға тексеріс жүргізулерін сұрап хат жолдағандарын айтады.

– Жаңадан салынған асфальтты кесіп, быт-шытын шығарған. Жергілікті биліктің бұл әрекеті тіптен түсініксіз. Біз барып қарағанда біраз жерін кесіп тастаған. Қандай мердігер өзі төсеген асфальтты өзі кеседі? Әкімдік бордюр салу үшін кесілді деп отыр. Ақша жымқырудың амалы ма деп ойлаймыз. Біз осы бойынша прокуратураға хат жолдадық,- дейді Бауыржан Ахметжан.

Ал Орал қаласы әкімдігі болса, асфальтті кесіп, бордюрды ауыстыруға тұрғындардың өздері өтініш білдірді деп отыр.

– Мұхит көшесінің жолын (Абай даңғылынан Яикская көшесіне дейінгі аралық) орташа жөндеу жүргізілген болатын. Мердігер мекеме — «Адал арна» ЖШС. Жоба бойынша ұзындығы 400 метр жолдың жиек тастарын ауыстыру қарастырылған. Бұл жұмыстар Абай даңғылынан Ықсанов көшесі аралығындағы учаскеде жүргізілді. Алайда Мұхит көшесінің тұрғындары және автокөлік жүргізушілері жолдың басқа да учаскелеріндегі жол жиек тастарының ескіргенін, оларды ауыстыру қажеттігі жөнінде өтініштерін білдірді. Бұл өтініштерді ескеріп, аталған көшеде қосымша 500 метр жол жиек тастарын ауыстыру жұмыстарын жүргізудеміз. Жұмыстар толықтай аяқталған соң, асфальт жабынын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған жұмыстарға бюджеттен қосымша қаражат қарастырылған жоқ. Барлығы мердігер мекеменің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады,- деді Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің «тұрғындар өздері өтініш білдірді» деген жауабына Бауыржан Ахметжан сенбейтінін айтты.

– Бұл – өтірік. Біз де ешқашан тұрғындар бордюрды ауыстырыңдар деп айтпайды. Әкімдіктің ойдан құрап отырған жалған сөзі,- деді Бауыржан Ахметжан.

Malim.kz сайтының тілшісі Мұхит көшесіне асфальт төсеп, кейін оны кескен «Адал арна» ЖШС-на хабарласқан. Өзін Мейірманмын деп таныстырған мердігер мекеменің қызметкері пікір білдірмейтіндерін айтты.

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Оралда стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілді

16.04.2024

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

Оралдағы Назарбаев даңғылының атауы өзгеруі мүмкін бе?

14.08.2023

Оралда тұрғын өз бүйрегін шетелдікке 20 мың доллорға сатпақ болған

01.08.2023

Оралда қатты жаңбыр жауып, көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен жеке тұрғын үйлердің аулаларына су кірген

17.07.2023

Орал қаласында балабақша көбейеді

22.02.2023
MalimBlocks
Су тасқыны: Оралда стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілді

Өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 6,3 мыңнан астам адам және 1,5 мың техника тартылып отыр.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

Оралдағы Назарбаев даңғылының атауы өзгеруі мүмкін бе?

Оралдағы Назарбаев даңғылының атауын өзгерту турасында бастама бір жылдан бері көтеріліп келе жатса да, жергілікті билік әзірге оған құлақ аса қойған жоқ.

Оралда тұрғын өз бүйрегін шетелдікке 20 мың доллорға сатпақ болған

Оны полиция Алматы қаласының әуежайынан ұстаған.

Оралда қатты жаңбыр жауып, көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен жеке тұрғын үйлердің аулаларына су кірген

Орал қаласында жаңбырдың салдарынан қаланың Зачаганск кентіндегі көпқабатты үйлердің және Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың жертөлесін су кірген. Сонымен қатар Казталов, Тасқала, Бәйтерек аудандарында жеке сектордағы тұрғын үйлерді де жаңбыр суы басқан.

Орал қаласында балабақша көбейеді

Үміткерлер бұл жолы жиын өткізбей, әрбір бутикті аралап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.