Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

Есенжол Елекенов

  • 21.09.2023

Енді Назарбаев атауы Оралдың бас даңғылында алты жыл тұрады.  

Депутат алдыңғы сессияда сөйлеген сөзінде мәслихаттың ескі құрамы депутаттарының Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Достық даңғылының атауын өзгерту туралы шешімі қате болғандығын айтып еді.

– Бұл оның (Назарбаевты айтып тұр – ред.) еңбегіне сәйкес келмейді. Көптеген қала тұрғындары даңғылдың бұрынғы Достық атауын қайтару керек деп санайды,- деді қысқа пікір білдірген депутат Мақсат Айсауытов.

Мәслихат төрағасы Есентай Қалиев Мақсат Айсауытовқа «Тілдер туралы» заңға сәйкес қала көшелеріне жаңа атаулар соңғы рет өзгертілгеннен кейін алты жыл өткен соң ғана өзгертілетінін айтқан. Алайда бұған Айсаутов келіспейді. Ол даңғылдан Назарбаев атауын алып тастауды ұсына беретінін жеткізді.  

Айта кетейік, өткен жылдан бері даңғылдан Назарбаев атауын алып тастау мәселесі оқтын-оқтын көтеріліп келеді. Тіпті ол үшін петиция да жарияланған болатын.  Петицияда дауыс берген Орал тұрғындарының  80 пайызы Назарбаев атауын алып тастауды қолдаған болатын.

2019 жылы Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін, оның орнына келген Тоқаев барлық облыс орталықтарындағы даңғылға Назарбаев есімін бергізген еді.

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Оралда стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілді

16.04.2024

Оралдағы Назарбаев даңғылының атауы өзгеруі мүмкін бе?

14.08.2023

Оралда тұрғын өз бүйрегін шетелдікке 20 мың доллорға сатпақ болған

01.08.2023

Оралда 201 млн теңгеге төселген асфальт неге кесілді?

28.07.2023

Оралда қатты жаңбыр жауып, көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен жеке тұрғын үйлердің аулаларына су кірген

17.07.2023

Орал қаласында балабақша көбейеді

22.02.2023
MalimBlocks
Су тасқыны: Оралда стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілді

Өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 6,3 мыңнан астам адам және 1,5 мың техника тартылып отыр.

Оралдағы Назарбаев даңғылының атауы өзгеруі мүмкін бе?

Оралдағы Назарбаев даңғылының атауын өзгерту турасында бастама бір жылдан бері көтеріліп келе жатса да, жергілікті билік әзірге оған құлақ аса қойған жоқ.

Оралда тұрғын өз бүйрегін шетелдікке 20 мың доллорға сатпақ болған

Оны полиция Алматы қаласының әуежайынан ұстаған.

Оралда 201 млн теңгеге төселген асфальт неге кесілді?

Орал қаласында Мұхит көшесіне 201 млн-нан астам теңгеге төселген асфальт кесіліп тасталған. Күні кеше төселген асфальттың не үшін кесілгеніне түсінбей дал болған кей тұрғын жергілікті биліктің бұл әрекетіне наразы болған. Олар республикалық «Әділ жолы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысындағы филиалына шағымданған.

Оралда қатты жаңбыр жауып, көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен жеке тұрғын үйлердің аулаларына су кірген

Орал қаласында жаңбырдың салдарынан қаланың Зачаганск кентіндегі көпқабатты үйлердің және Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың жертөлесін су кірген. Сонымен қатар Казталов, Тасқала, Бәйтерек аудандарында жеке сектордағы тұрғын үйлерді де жаңбыр суы басқан.

Орал қаласында балабақша көбейеді

Үміткерлер бұл жолы жиын өткізбей, әрбір бутикті аралап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.