Қаржы пирамидасын ұйымдастырған үшеу ұсталды
Шығын 1,8 млн АҚШ доллары және 630 млн теңгеден астам сома шамасында
The Finiko қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласындағы аумақтық департаменті прокуратурамен бірлесіп қолға алған.
Finiko ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында 300-ден астам адам арыз беріп, шығын көлемі 1,8 млн АҚШ доллары және 630 млн теңгеден астам сома шамасында болды.
«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, The Finiko симулятор және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп, ақша салады. Ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген. Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталып жатқанын мәлімдеді.