Қаржы пирамидасын құрған төртеу қамалды

Олар салымшылардан 5 млрд теңге алған.

Malim Админ

  • 20.04.2022

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған  4 күдікті қамауға алынды. Мәселе «MUDARABAN CAPITAL» серіктестігінің қатысушыларына қатысты.  Бұған дейін екеуіне «кепілмен босату» бұлтартпау шарасы таңдалған,  сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында тағы екі адам «үйқамаққа» алынды.  Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша күдікті ретінде танылған. 

Қылмыстық іс «ASTEX.KZ»  және «ACD technology» қаржы пирамидасын құру және ұйымдастыру фактісі бойынша  азаматтардың ұжымдық өтініші бойынша қозғалды.  

Алматы қалалық Полиция департаменті 2009 -2021 жылдар аралығында аталған қаржылық пирамидалар  мемлекеттік сатып алуларға қатысу желеуімен ақша қаражатын тарту үшін жеке және заңды тұлғалармен бірлескен қызмет туралы келісімшарттар жасасқан. Екіжақты құжатқа сәйкес фирмалар әрбір салымшыға ай сайын салынған суммадан 20 пайыз төлеп отыруы тиіс болған. 5 млрд теңге көлеміндегі ақша қаражаты «ASTEX.KZ»-ке 162 салымшыдан өзге «MUDARABAН CAPITAL» ЖШС-дан түсіп отырған.   

Қаржылық пирамида ұйымдастырды деген танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталған болатын. Кейін тергеу соты екеуіне қатысты «кепілмен босату» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Үшінші күдікті – тағы бір танымал вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. 15 сәуір күні ҚР Бас прокуратурасы Әсет Шындалиевтің қаржы пирамидасын құру ісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеген. Қазір іс бойынша тергеу аяқталып, таныстыру кезеңі өтіп жатыр. Осы қылмысқа қатысты барлық күдіктінің іс-қимылына баға беріліп, айып тағылды.  


 

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді