Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаржы пирамидасын басқарды деген күдікке ілінген адамға іздеу жарияланды

Құқық
Қаржы пирамидасын басқарды деген күдікке ілінген  адамға  іздеу жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген Дана Анварқызы Батыршинаға халықаралық іздеу жариялағанын мәлімдеді.


Дана Анварқызы Батыршина 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған. Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы. Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін «Thefiniko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген. Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.

Атап айтқанда, «Thefiniko» компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып табылмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

«Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

+7-701-218-05-23 - іздеу бойынша, +7-727-279-29-56 - кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимдікке кепіл береміз», - делінген хабарламада.

Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу