freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Есірткі сатқан қылмыстық топ басшысы Польшадан жеткізілді

Құқық
Есірткі сатқан қылмыстық топ басшысы Польшадан жеткізілді
Видеодан скрин

Қазақстан Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің жәрдемдесуімен күдіктіні экстрадициялады, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Күдікті есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін Украина азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадицияланды.

Арнайы прокурорлар қылмыстық істі тергеу барысында аталған тұлға трансұлттық қылмыстық топтың басшысы бола отырып, Telegram мессенджерінде Kaef Mafia интернет-дүкені арқылы есірткі және психотроптық заттарды жүйелі түрде байланыссыз сатуды ұйымдастырғанын анықтады.

Қылмыстық әрекет нәтижесінде банк шоттары арқылы 2,8 млрд теңгеден астам қаражат өткізілді, олар Қазақстаннан тыс жерге шығарылды. Бірақ кейіннен қабылданған шаралар арқылы мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында осы қылмыстық топ мүшелерінен 1,2 кг есірткі және психотроптық заттар алынды.

Қылмыс жасалғаннан кейін топ мүшелерінің бір бөлігі сотталды, ал күдікті ұйымдастырушы бола отырып, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

Өткен жылдың желтоқсанында ол Польша аумағында ұсталды. Сол жерден Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Оған айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу