Қауіп-қатердің алдын алуға қаншалықты қауқарлымыз?
Мемлекеттік органдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алумен оларды жою жөніндегі қызметін, оның ішінде өрт сөндіру, құтқару қызметін ақпараттық қолдау және түсіндіру жұмыстары – халқымыздың қауіпсіз өмір сүруінің кепілдігі деп түсінген жөн.
Қaзақстан хaлқы мен aумaқтарды тaбиғи және техногендік сипaттағы төтенше жағдайлардан қорғау жүйесін қалыптастыру және адамдардың қауіпсіз өмір сүру сaпасын көтер қaшан да күн тәртібінен түспейтін мәселе екені сөзсіз. Осы орaйда еліміздің төтенше жaғдайлардан қорғaу жүйесінде не жaсалды, қандaй шаралар қолға aлынды, жaлпы, тәуелсіздік жылдaрында не істелінді дегенді аз-кем шолып өтсек. Төтенше жaғдайлардың алдын aлудың және олaрды жоюдың тиімді жүйесін жасау ісіндегі алғашқы қадам «Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесін құру туралы» Президент Н.Нaзарбаевтың 1991 жылғы 21 тамыздағы Жaрлығынан бaсталды. Соған сәйкес Қaзақстан халқы мен аумағын түрлі апаттардан және табиғи зілзалалардан қорғау ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету фaкторларының бірі. Аталған Жaрлықтың aясында төтенше жaғдайлардың мемлекеттік комиссиясы туралы ереже бекітілді. Мемлекеттік бaсқарудың бүкіл жүйесін қaйта құру барысында 1995 жылғы 19 қазанда еліміздің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, түрлі қақтығыс және Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті (ТЖМК) құрылды. Бұрынғы мемлекеттік қалалық техникалық қадағалаудың функцияларын және өкілеттігін ТЖМК-ға беру, одан әрі Мемлекеттік өртке қарсы қызметін ТЖМК құрамына енгізу саланы қайта қалыптастырудың келесі кезеңі – ТЖМК функцияларының кеңеюі және оның құрылымының нығаюы кезеңінің бастамасын білдіреді. Сонан кейін ТЖМК Төтенше жағдайлар комитеті, одан кейін Төтенше жағдайлар агенттігі болып қайта құрылды. Президенттің тапсырмасы бойынша 2008 жылғы 22 қаңтардағы Қауіпсіздік кеңесі отырысында 2008-2009 жылдары ТЖМ жүйесінде әкімшілік реформа болып, ол орталық аппарат және облыстардағы дара басшылық рөлін үйлестіруді барынша күшейтіп, жаңа, функционалды ұтымды құрылым құруға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында бірқатар ірі жобалар ойдағыдай іске асырылды. Еліміздің барлық аймақтарында апаттық медицинаны құру, клиникалық базаны жасау төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге жедел көмек көрсетудің тиімді тетігін қалыптастыруға мүмкіндіктер қарастырылды. ТЖМ авиапаркін күшейту жөніндегі Президенттің шешімі уақтылы және орынды болды. Еліміздің стратегиялық объектілері және халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еліміздің жоғарғы құндылығы ретіндегі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардан халықты сенімді қорғау басты міндеттің бірі. Алайда құтқару және өрт техникаларының саны және сапасына жиі сын айтылып жатады, өртке қарсы қолданылатын арнайы мақсаттағы техникалардың сапасы қай деңгейде. Жыл сайынғы көрсетілген ашық деректерге қарағанда, бұл мәселе бойынша да мемлекет тарапынан ауқымды істер атқарылып жатқаны рас. Әйткенмен, Шығыс Қазақстан облысында жиі орын алатын өрт жағдайы кезінде ТЖ тарапына түрлі сындар айтылып жататыны жасырын емес.
Өрт сөндіру қызметтерінің бөлімшелері Қазақстан азаматтары мен ұлттық байлығын қорғау бойынша алға қойылған міндеттерді орындауға қаншалықты әзір деген сұрақтың туындайтыны заңды. 2009 жылы Женевада 187 елдің қатысуымен өткен зілзалалар қаупін төмендету бойынша жаһандық платформаның 2-ші сессиясында зілзалалар қаупін төмендету бойынша қазақстандық платформа ең көп функционалды және тиімділердің бірі болып танылғаны төтенше жағдайларға ден қою саласындағы Қазақстан рөлінің артып келе жатқаны айтылған. Мәселен, Тәжікстан, Қырғыз Республикаларының төтенше ведомстволары, БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы Қазақстанның табиғи зілзалаларға ден қою және қауіпті төмендету жөніндегі орталықты құру бастамасын қолдады, оның қызметі 2010 жылы басталған болатын. Сөйтіп, соңғы жылдары еліміздің өрт-құтқару бөлімшелерін инновациялық-техникалық қайта жарақтандырудың белгіленген нәтижелеріне қол жеткізілді. Қазіргі заманғы талаптарға сай келетін өрт сөндірудің жаңа және тиімді технологиялары енгізілді. Өртке қарсы қызметті қайта жарақтандыру іс-шараларының іске асырылуы жедел қызметтердің өрттерге және басқа төтенше жағдайларға ден қоюының ұтқырлығы мен жеделдігінің артуына алып келді, ол өз кезегінде өрттерді оқшаулау мен жою уақытын қысқартуға, олардың салдарынан адам және материалдық шығындарды төмендетуге мүмкіндік бермек. Қазақстанда өртке қарсы қызмет үшін білікті мамандарды даярлауды жүзеге асыратын жалғыз білім ордасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты екен. Оқу тегін, оқудың бүкіл кезеңіне курсанттар нысанды киіммен, тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етіледі. Үміткерлерді оқуға қабылдау талапкерлердің аумақтық Бірыңғай ұлттық тестілеу орталықтарында алған сертификаттарының негізінде және кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ талапкерлер дене шынықтыру бойынша сынақтар тапсырады және медициналық тексерістен өтеді. Курсанттың институттың күндізгі бөлімінде оқу мерзімі мерзімді әскери қызметтің өткерілуіне теңестіріледі және 4 жыл. Бітіргеннен кейін курсантқа өрт сөндіру қызметінің лейтенанты-арнайы әскери атағы беріледі. Сондай-ақ осы жоғары оқу орнының сыртқы бөлімінде министрлікте жұмыс істейтін қызметшілер оқиды. Сонымен бірге өрт сөндіруші-құтқарушыларды кәсіби даярлауда өрт сөндіру мемлекеттік мекемелерінің кәсіби даярлау және оқу пункттерінің мектептері маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдарына қызметке алынатын адамдар кәсіби даярлау мектептерінде алғашқы әскери оқудан өтеді. Міне бұл мәселе де арқпарат саласында насихатталуды қажет етеді. Бұл салаға жастардың қызығушылығын арту мәселесі де күн тәртібенде тұрған жайт екені сөзсіз.
Сақтансаң – сау боларсың. Оқыс жағдайлардың қалай алдын алу керек? Кейбір қауіп-қатерден қалау қорғануға болатын жолдарын қарастырып көрген едік. Соңғы жылдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар да көбейіп кетті. Мәселен қыс айларында боран, өрт оқиғалары жиі тіркелетін болса, көктем шыға қар суының еруінен болатын су тасқыны жиі орны алып жатады, ал жазда дала өрті көп тіркелуде. Көп жағдайда бұл климаттың өзгеруімен және өзге жағдайлармен байланыстырылып жүр. Осындай қауіп-қатерді болдырмау мақсатында елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимылдары жөнінде ұзақ мерзімді бағдарлама дайындалды.
Бүгінде заман өзгеріп технология атаулы қарыштап дамыған сайын, адамзатқа төнетін түрлі сипаттағы қауіп те күшейе бермек. Сондықтан халықты түрлі қатерден, оқыс жағдайлардан сақтандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану және сол арқылы елге төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, зардап шеккендерге алғашқы көмекті көрсету тәсілдерін үйретудің маңызды екені белгілі. Қазіргі бұл тәсіл сәтті қолданыла бастады. Мысалы ауа-райының өзгерістерін, болуы мүмкін түрлі жағдайларды ескертіп, сақтандыратын СМС-хабарламалар жүйесі кең қолданыла бастады. «Сақтансаң – сақтаймын» деген нақыл сөз еріксіз еске түседі. Бүгінде апаттың алдын алу үшін елді құлақтандыру мақсатында еліміздің арнайы мамандары түрлі шараларды атқарып, әр түрлі жолдарын қарастырып отыр. Түрлі қысқа бүктемелер мен бейне ескертулер дайындалған. Мәселен ел аумағының 60 пайызын шөл дала саналатын дала өрті туралы және оның себептері жайлы арнайы видеода көптеген ақпарат бар.
Жалпы, елімізде халықтың есінде қалған талай табиғи апаттар болды. Көптеген адамның өмірін жалмаған оқиғалар тіркелді. Соның салдарынан қаншама адам ажал құшты. Ал келтірілген шығын көлемі тіпті қисапсыз. Қазақстанда болған ірі табиғи апаттардың басым көпшілігі жер сілкінісі, су басу, қар көшкіні сынды табиғи құбылыстармен байланысты. Соның көктем кезінде су тасқынына байланысты болған Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында тіркелген табиғи апат. Аталған нәубеттен 45 адам көз жұмған болатын. Су тасқыны тұтас бір ауылды қиратып кетті. Орын алған қайғылы оқиғадан кейін өтенше жағдайлардың алдын алу мәселесіне аса қатты мән беріліп келеді. Сондықтан, қандай төтенше жағдай болмасын, біздің елдің азаматтары өз білімдерін жетілдіруді азаматтық борышы санаса артық болмас.
Елімізде мұндай түрлі сипаттағы қауып-қатерден қалай қорғану керек, оның қалай алдын алуға болатыны және зардап шеккен жағадайда қандай шара қолдануға болады, қайда хабарласу қажет барлығы дерілік түрлі бүктемелермен және шағын бейнероликтер арқылы көрсетілген. Біз бұл материалымызда оның бәрін тамтып жатпаймыз, ең бастысы адам қауіпсіздігін қамтамасыз ететен бұл саланың жұмысына ақпараттық тұрғыда қолдау көрсету және халықтың қаперіне салу.