Қазақша сөйле: қосымшалар мәзіріне мемлекеттік тілді қосу талап етілуі мүмкін

Қазақстан танымал мобильді қосымшалар мен сервистерді әзірлеушілерден мәзірге қазақ тілін қосуды талап етуі мүмкін. Әзірге бұл сұрақ талқыланып жатыр.
Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Мусин егер талап қанағаттандырылып, заңмен бекітілген жағдайда, қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ әлеуметтік желілер жабылып қалуы мүмкін деп отыр.
“2GIS немесе Яндекс болсын, біз үшін жұмыс істейтін қызметтерге мемлекеттік тілге қатысты талап қою мәселесін қарастырамыз. Егер олар біздің нарықта жұмыс істегісі келсе, онда біз қазақ тілін енгізу туралы осындай ұсыныс жасаймыз, әзірге бұл талқыланып жатыр. Екінші жағынан, талаптар заңмен енгізілсе, мысалы, қазақ тіліндегі нұсқасы болмаған жағдайда Instagram немесе басқа әлеуметтік желі жабылады. Ал ертең тұрғындар тарапынан тағы сұрақ туындайды. “Біз оны неге жаптық?” деген сауал тууы мүмкін. Сондықтан бұл қиын мәселе, бірақ оны біртіндеп шешетін боламыз”, - деді Мусин.
Министр сондай-ақ Қазақстан өзі-ақ мұндай өнімдерді шығаруы үшін білікті IT-мамандар, тиісті экожүйе және жұмыс жағдайлары қажет екенін атай кетті.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Частные школы просят усилить поддержку правительства
Ассоциация частных школ Казахстана просит министра просвещения повысить государственную поддержку. Предприниматели предлагают ввести обеспечение коммерческих школ учебниками и методическими материалами, а также просят повышать квалификацию учителей за счет государства. Соответствующие предложения они представили на недавней встрече с главой образовательного ведомства Гани Бейсембаевым.