Қазақстан әр балаға 20 теңгеден береді

Қарағандыда көпбалалы отбасы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек ретінде 122 теңге көмек алған. Шатасып кетті деп қалмаңыз, соңында ешқанда «мың» деген сөз жоқ. Банк картасына 122 теңге келіп түскенде көпбалалы ана да 122 мың теңге деп ойлап қалғаны анық.

31 арнаның хабарлауынша, төрт баласы бар Дариға Қазанғапова жақында атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беріпті. Бұрын алып жүрген екен, жазда «аулаларыңа картоп ектіңдер» деген жергілікті әкімдіктегілер жәрдемақы алатындар тізімінен сызып тастаған. Сөйтіп, картоптың арқасында 125 мың теңгесі 1000 есе азайып, есепшотына түсіпті. Мұндайда, әлбетте, банк қателесті ме, әкімдік дұрыс жібермеді ме деген күмән болатыны сөзсіз. Қалалық әлеуметтік қорғау бөлімі ешқандай техникалық қателіктің болмағанын айтқан.

Көпбалалы отбасы мұны мазақ ету деп есептейді.

"Одан да бермей-ақ қойғаны дұрыс еді. 122 теңгемен бізді мазақ қылғанша, сізге отказ келді деп айтса болатын еді. Енді мына 122 теңгеге бала-шағама не нан, не памперс әпере алмаймын. Үкіметтің нағыз мазағы ма, не енді бұл", - дейді Қазанғапова.

Әкімдіктегілер бұл отбасыға бар болғаны 122 теңге жетпей тұрғанын асқан шеберлікпен анықтап шығыпты. Ең алдымен күйеуінің «Еңбекпен қамту» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқанын алға тартады. Одан кейін балаларға берілетін жөргекақы бар. Екі ересек те әлеуметтік (жеңілдігі бар) жолақы картасын қолданатынын есепке ала отырып, отбасының әр мүшесіне 20 теңгеден беруді жөн көріпті. Әбден цифрланып болған әлеуметтік көмектеуді есептеуші база автоматты түрде осындай шешім қабылдаған.

Президент бастап, үкімет пен министрліктің, әкімдіңтің, арнайы бөлімдердің есебінде жүретін сүйкімді цифрлар осындай 20 теңгелік көмектермен бірнеше есе үлкейтіліп көрсетілуі әбден мүмкін. Мәселен, биыл атаулы әлеуметтік көмек үшін бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінген. Оның бәрі адамдарға теңдей етіп бөліп берілді деп ойласаңыз қателесесіз, осы ақшаны алуға тиіс 974 мың адамның қаншауына 20 теңгеден бұйырғаны белгісіз.

Байланысты жаналықтар

Жәрдемақы туралы тағы бір жалған ақпарат тарады

19.09.2024

СҚО-да шетелге кеткен балаларға жәрдемақы төленіп тұрған

18.09.2024

Ферроқорытпа зауытында күйіп қалған тағы бір қызметкер қайтыс болды

24.07.2024

Қарағанды облысында жылқылар белгісіз аурудан өліп жатыр

23.07.2024

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға 236,2 млрд теңге жәрдемақы берілді

17.07.2024

8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

28.06.2024
MalimBlocks
Жәрдемақы туралы тағы бір жалған ақпарат тарады

Хабарламада 1949 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта туғандарға 70 000 теңге мөлшерінде төлемақы берілетіні көрсетілген

СҚО-да шетелге кеткен балаларға жәрдемақы төленіп тұрған

5 млн теңгеден астам соманы қалтаға басқан

Ферроқорытпа зауытында күйіп қалған тағы бір қызметкер қайтыс болды

25 жастағы Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген

Қарағанды облысында жылқылар белгісіз аурудан өліп жатыр

Тұрғындар дертке шалдыққан малдарды бір қораға жинап, "оқшаулаған"

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға 236,2 млрд теңге жәрдемақы берілді

Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің мәліметінше, елімізде орта есеппен 594,8 мың отбасы бар.

8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс.