Қазақстан сөз бостандығы бойынша соңғы қатарда 

Қазақстан сөз бостандығы бойынша 161 мемлекеттің арасында 121-ші орында. 

Malim Админ

  • 07.07.2023

Бұл мәліметті британдық Article 19 құқық қорғау ұйымы дайындаған. Ұйым жыл сайын Global Expression Report-тың сөз бостандығына байланысты 25 көрсеткішке қарап жариялайтын рейтингісіне қарап шығарған. 25 көрсеткішке интернеттегі цензураның бар немесе жоқтығы, БАҚ цензурасы, ғылым және мәдени ортадағы еркіндік, діни сенім бостандығы және т.б. Ал ел неғұрлым еркін және демократиялық болса, соғұрлым көп ұпай жинайды.

Биыл рейтингтің көш басында Дания (95 ұпай). Одан кейін Швеция, Норвегия, Швейцария және Финляндия келеді. АҚШ 87 ұпай алып, 21-орынға тұрақтаған.

Ал соңғы жағынан бастасақ Солтүстік Корея 161-ші орында (0 ұпай) жинаған.  Оның алдында бір ұпайдан жинаған Сирия мен Түркіменстан бар. Қазақстан 21 ұпай жинап 121 орын алыпты. Көршіміз Өзбекстан – 133, Тәжікстан – 149, Ресей – 141, Беларусь – 158-орында. Ал Қырғызстанда бізден қарағанда сөз еркіндігі бар – 104-ші орында.

Сондай-ақ, Article 19  өкілдері елдегі орташа көрсеткіш 2012 жылдан бері 6 пунктке төмендегенін алға тартады. Он жыл бұрынғымен салыстырғанда қазір әлем халқының 80 пайызында сөз бостандығы шектелген.

фото ғаламтордан алынды

Байланысты жаналықтар

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

09.05.2025

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

09.05.2025

Қазақстан әлемдік сөз еркіндігі рейтингінде 141-орынға жайғасты

02.05.2025

Әлемдегі ең бай 50 спортшының тізімі жарияланды

23.04.2025

АҚШ-та Трамптың рейтингі төмендеп барады

22.04.2025

Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

11.04.2025
MalimBlocks
Әлемдегі ең бақытты қала аталды

Әлемдегі ең бақытты қалалардың рейтингі жарияланды

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

Қазақстан әлемдік сөз еркіндігі рейтингінде 141-орынға жайғасты

Қазақстан бұл рейтингте 141-орынға тұрақтап, 100 балдың ішінде 39,34 балл жинаған

Әлемдегі ең бай 50 спортшының тізімі жарияланды

Баскетболшы Майкл Джордан көш бастап тұр

АҚШ-та Трамптың рейтингі төмендеп барады

Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады