Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жеткіліксіз

Malim Админ

  • 27.03.2023

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалардың саны өсіп кеткен. Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының  педагог-психологы Зәуре Жангелдинова осындай дерек келтіреді.   

Оның айтуынша, Қазақстанда ерте жастағы аутизммен - 1052, мектеп жасына дейінгі  – 4331 бала, 6 жастан 18 жасқа дейінгі 6704 бала ауырады.

Аутизммен ауыратын балалардың жасына қарай олардың саны көбейген. Оның бір себебін маман  ерте жастан аутизммен ауыратын балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің жеткіліксіз болуы, баланың дамуын  ерте бастан қадағаламаумен байланыстырады. «Әлемдік статистика ерте түзету көмегі көрсетілетін аутизммен ауыратын балалардың 60-70 пайызы қоғамға жақсы бейімделіп, дамып кететінін көрсетеді», - дейді З.Жангелдинова.

Ал педагог-психолог  Әсел Бақтығалидың айтуынша, аутизммен ауыратын балалардың 90 пайызында сенсорлық интеграцияның бұзылуы бар. Сенсорлық интеграциялық терапия - аутизмі бар баланың мінез-құлқы мен дамуын ұйымдастырудың тиімді әдісі.

«Аутизмі бар балалар миы сенсорлық ақпаратты тіркемейді, бұл қалаусыз немесе аулақ жүретін әрекеттерге әкеледі. Көбінесе мұндай балалардың миы қауіпті сезбейді және бала одан тәжірибе алмайды», - дейді ол.

Педагог-логопед Жанар Естемесова аутизмге шалдыққан балалармен жұмыс жасауда баламалы және қосымша қарым-қатынас құралдарын қолдану қажеттігін айтады.

«Баламалы және қосымша қарым-қатынас әдістері - баланың отбасындағы қарым-қатынасын жақсартуға ықпал ететін қарым-қатынас әдістері. Оның үстіне біз күнделікті өмірде сондай қарым-қатынас әдістерін қолданамыз. Мысалы, жол белгілері, киім жапсырмалары, қоғамдық дәретханаларды көрсететін белгілер және т.б. Баламалы коммуникация дегеніміз - адамның сөйлемей, жазбай-ақ, кез келген ақпаратты беруі немесе қабылдауының барлық тәсілдері. Ал қосымша коммуникация дегеніміз – ақпаратты заттардың, ым-ишараның және графикалық белгілердің көмегімен жеткізу тәсілі», - деді Ж.Естемесова.

Айта кетейік, елімізде 208 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және 18 жасқа дейінгі балаларға жеке немесе топтық түрде көмек көрсететін 13 республикалық орталық бар. Сондай-ақ, 44 арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдарда және 9 аутизм орталығында аутизммен ауыратын балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі. 2022 жылы аутизмге шалдыққан 1789 балаға, РО – 288 балаға, аутизм орталығында 733 балаға психологиялық-педагогикалық көмек берілген. 

Фото:elements.envato.com     

Байланысты жаналықтар

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

29.05.2023

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

21.05.2023

Қазақстанда тұратындардың бәрі «қазақ» болуы керек пе? Депутат не дейді, халық не дейді? 

04.05.2023

Тәліптер Қазақстанға келетін болды

18.04.2023

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. Мамандар себебін айтты

05.04.2023

Сенсация. Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен жеңді

26.03.2023
MalimBlocks
Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

Қазірдің өзінде ұлттық валюталары рекордтық деңгейде құлдырап кеткен

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

Ол сайтта арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр

Қазақстанда тұратындардың бәрі «қазақ» болуы керек пе? Депутат не дейді, халық не дейді? 

"Бірте-бірте қазақтар  өз жерінің қожайыны болудан қалады".

Тәліптер Қазақстанға келетін болды

«Талибан» - Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар қатарында

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. Мамандар себебін айтты

Осымен екінші жыл туу көрсеткішінің азайғаны байқалады

Сенсация. Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен жеңді

Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен