Қобыз үні ұйқысыздық дертінен айықтырды

Науқас үш ай бойы мүлдем ұйықтай алмаған     

Олжас Қасым

  • 27.09.2023

Адамды  жігерлендіріп,  рух сыйлайтын әуендер күйзелістен арылтып, жанға жайлылық береді. Кейбір музыка түрлері ота үстелінде жатқан науқастың ауруын жеңілдетуге көмектеседі екен.  Адамның жүйке жасушасын ұйықтата алатын әуендер қан айналым жүйесін де бірқалыпта ұстап тұрады. Жалпы музыка физиологиялық дамуға зор әсерін тигізеді. Әлемдік тәжірибе бойынша психологтар терапия барысында Моцарт, Шопен, Бах секілді композиторлардың  классикалық әуендерін көп қолданатыны мәлім.

Ал Ақмола облысының дәрігерлері мұндай тәсілдерді жаңаша жаңғыртуда. Яғни сырқаттарды сауықтыру үшін қобыз аспабын қолданысқа енгізді.  Қосшы қаласындағы   №1 емхананың психологы Балжан Қанапияева қобыз терапиясын қолға алған. Оның айтуынша саз аспабының сарыны күйзеліске ұшырап, көңілі жабырқаған жанға дем беріп, іште жиналған өкпе-ренішті шығаруға едәуір көмектеседі. 

 «Біз шетелдің музыка терапиясын көшіруден шаршадық. Дала, соның ішінде ұлттық этнопсихологияның бір бөлігін қамтитын ұлттық аспаптар. Оның ішінде қобыз адамның жан күйіне ерекше әсер етеді. Мидың оң жағы мен сол жағында нейропластика деген болады. Стресс жағдайында жүрген науқасқа қобызды тыңдатса нейропластика орнына келеді. Яғни, күйзеліс бірден сейіледі.  Қобыз үнімен 18 жастан асқан азаматтарды ғана емдейміз. Психикалық жүйке жүйесі ауыр емделушілерге қолдануға рұқсат етілмейді. Алдымен, эндокриндік, гинекологиялық, инфаркт ауруларына және созылмалы дерті бар жандарға болады»,-дейді ол.   

Қобызбен жүргізілетін ем шарасын қазір 10 адам алып үлгерген. Сеанс адамның депрессияға түсу шамасына қарай жүргізіледі. Әзірге бір адамға төрт терапиядан жасалған. Психологтың пікірінше, ұйқысыздық ауруына ұшыраған азамат қобыз үніне елтіген соң бірден ұйқыға бас қойыпты. Ол бұған дейін үш ай бойы мүлдем ұйықтай алмапты.     

Емхана ұжымы алдағы уақытта альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарды оңалту және дерттің алдын-алудың қамына кіріспек. Шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, емхана жанынан арнайы орталық ашуды көздеп отыр. «Бұл шешім қажеттіліктен туындаған. Себебі альцгеймер жыл санап жасарып келе жатыр» дейді мамандар.  Олар алдағы уақытта 60 жастан асқан емделушілерге арнап  топтық кездесу өткізбек.         

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

30.04.2025

Ұлытау облысындағы екі қалада медициналық мекемелердің базасы жаңартылды

29.03.2025

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

25.03.2025
MalimBlocks
Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

2026 жылдан бастап 1 миллионнан астам қазақстандық тегін көмекпен қамтылады

Ұлытау облысындағы екі қалада медициналық мекемелердің базасы жаңартылды

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға медициналық нысандар салынады

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысан салынады