Қоғамдық кеңес жемқорлықпен күреске қарқын бермек

Malim Админ

  • 05.02.2020

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесі құрылды. Бұл туралы МӘЛІМ сайты хабарлайды.

Елордада Қоғамдық кеңесті құру үшін жұмыс тобының ұйымдастырушылық отырысы өтіп, кеңес мүшелері жасақталды.

Асылы, Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың жұмысын жемісті һәм нәтижелі еті үшін аса қажет. Сондай-ақ мемлекет ісіне қоғамды белсенді әрі етене араластыру үшін де керек-ті. Отырыста сөз алған Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик ШПЕКБАЕВ Кеңестің атқарып жатқан жұмыстың ашықтығын және бұқараға жақын екенімзді көрсетуде рөлі зор деді.

«Мемлекет басшысы мемлекет пен қоғам арасы алыс болмау керек. Мемлекеттік мекемелер барынша халыққа ашық болу туралы талай мәрте айтқан. Яғни бұл тұрғыда Қоғамдық кеңестің көтерер жүгі салмақты», - деді Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев мырза.

2019 жылдың жиырма тоғызыншы сәуір күні Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXVII съезінде Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ орталыө және аймақтағы мемлекеттік мекемелер жанынан құрылған Қоғамдық кеңестердің жұмы реттеліп, бір ізділікке салытуы тиіс деген болатын.

«Қоғамдық кеңестердің жұмысы сапалы болуы тиіс. Олардың құрамын өз саласын жетік білетін білікті мамандардан жасақтап, жұмыс жасауларына жағдай жасау қажет. Мемлекеттік органдар олардың ақыл, кеңестеріне құлақ түргендері абзал. Қазақстан Халқы Ассамблеясы Nur-Otan партиясымен бірігіп, осы бағытта халыққа пайдалы болар ортақ жоспарды жасауды бұйырамын», - деген еді Ұлт лидері Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен дауыс беру нәтижесі бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Тұңғыш Президент – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь РОГОВ сайланды. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесін басқарған Игрь ИВАНҰЛЫ мамандығы бойынша заңгер. Заң ғылымдарының докторы. «Экономикалық қылмыспен күрес мәселелері» тақырыбында докторлық дисертация қорғаған маман бұл саланы жақсы біледі.

Кеңес құрамына мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік штабтың басқарушы комитетіне саясаткер, қоғам қайраткері Әлихан БӘЙМЕНОВ болды. Көпшілікке КТК телеарнасындағы «Портрет недели» апталығы арқылы танымал журналист Артур ПЛАТОНОВ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ Басқармасының төрағасы, ғалым Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, заң ғылымдарының докторы, профессор Исидор БОРЧАШВИЛИ, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Ерлан ӘБІЛ, қоғам қайраткері Елена МИТРОФАНОВА және тағы басқа азаматтар кірді.

Жаңадан жасақталған  Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері мындай:

  • маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру;
  • шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде қоғамдық мүдделерді білдіру және пікірлерді есепке алу;
  • қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, билік органдарының өзара іс-қимылын дамыту және олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.

Қазақстан қоғамы үшін жемқорлық проблемасы аса маңызды. Халықаралық үкіметтік емес «Transparency International» ұйымы жыл сайынғы зерттеу нәтижесін бөліскен болатын. Былтырғы 2019 жылы Қазақстан 34 баллға ие болып, 180 мемлекеттің ішінен 113 орынға жайғасқан. Қазақстанның бұрын бір одақта болған Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркменстан, Украина, Тәжікстан мен Ресейге қарағанда көрсеткіші жаман емес. Алайда, 180 елдің ішінде 113 орын қуанатын нәтиже емен.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мәлімдемелерінің бірінде жемқорлықпен қоғам болып күресуге шақырған. Енді  Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің су жаңа консультативтік-кеңесші органы ведосмтваның жұмысына жаңа серпін бермек.

Бақытжан Берікұлы

Фото: qaz.neonomad.kz

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Амнистия: Талғат Ермегияев пен жемқорлар түрмеден ерте босап шыға ма?

02.02.2021

Бес министр отставкаға кете ме?

29.01.2021

Білім мен ғылым жолы – адал жол

13.11.2020

«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?

11.11.2020

Жемқор шенеуніктерге білезік тағады

21.09.2020

Аймағамбетов "жемқорлықпен ұсталған" орынбасары туралы айтты

27.08.2020
MalimBlocks
Амнистия: Талғат Ермегияев пен жемқорлар түрмеден ерте босап шыға ма?

Бес министр отставкаға кете ме?

Білім мен ғылым жолы – адал жол

«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?

Жемқор шенеуніктерге білезік тағады

Аймағамбетов "жемқорлықпен ұсталған" орынбасары туралы айтты