Құтқарушылар Тобыл өзені жағалауларын жіті қадағалайды

Malim Админ

  • 22.07.2021

«Сақтансаң сақтайды» дейтін сөз басқа емес, дәл суға түсерде өте-мөте екеретін бір сөз. Суға тек жүзе алмайтындар ғана емес, жүзе алатын адамдардың өзі батып кетіп жатады. Осының өзі-ақ көп нәрсені аңғартады. Өзіне сеніп, жүзе алатынына сеніп, қауіпсіздік шараларын ескермей, опат болып жататын жағдайлар аз кездеспейді. Сондықтан, адамдар жағажайға көптеп жиналатын жаз мезгілінде осы қауіпсіздік шараларын қадағалау мен түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізіп отыру үлкен маңызға ие.

Қауіпсіздіктің ең негізгі шарты – арнайы белгіленген орындарда ға суға түсуден басталады. Ондай жерлердің де өзіндік шекарасы бар. Белгіленген межеден аспаған абзал. Міне, осындай қарапайым қағидадан басталатын қауіпсіздікті құтқарушылар қадағалап жүреді. Қазір Қостанай облысынд шілденің аптап ыстығы жүріп тұр. Бұған дейін салқын болып тұрған ауа райы күрт ысып кеткенде, жағжайдағы жұрттың қарасы да күрт көбейіп кетті. Салқын ауа райы аяқ асты ыстыққа ұласқанда оның соңы дауылға ұласуы мүмкін. Осыған орай облыста дауылды ескерту жарияланған. Бірақ, дауыл келіп қалуы мүмкін деген ескерту жұртты жағажайдан қайтаруға детпейді, сондықтан, суға түсушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыру керек. Өйткені, жаздың жәл осы ауыспалы мезгілінде су объектілерінде төтенше жағдайлар мен күтпеген оқиғалардың туындау қаупі едәуір артып кетеді. Бұл туралы Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Азамат Орымбаев БАҚ өкілдерімен өткен көшпелі брифинг барысында айтты.

Жазғы маусым қызған кездегі құтқарушылардың жұмысы туралы айтылған брифингте биылғы қайғылы жағдайға ұласқан статистика онша көңілден шықпай тұрғаны жайлы да сөз болды.

«Алдағы күндері ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Осыған байланысты Қостанай облысының ТЖД азаматтарды судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Өкінішке орай, биылғы жылы су айдындарындағы оқиғалар статистикасы көңіл көншітпейді. 11 адам, оның ішінде 6 бала суға батып, қайтыс болған», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Азамат Орымбаев.

Суға басқа емес, баланың батып кетуі ең алдымен олардың ата-аналарының бейқамдығы салдарынан болып жатады. Дегенмен, көп жағдайда суға түсуге бомлайтын жерлерге суға түсетін балалар опат болып жатады. Ал, арнайы суға түсетін орындарда алдымен арнайы құтқарушылар жұмыс істейді, оның үстіне қойылған белгілер бар, қауіпсіздік шаралары сақталған жағдайда мұндай жағдай көп орын ала қоймайды. Сол себепті, облыстық ТЖД арнайы рейд жасап, жағажайдағы демалушылармен арнайы жұмыс істеп, сақтық шараларын біле жүруге шақырды.

Айта кету керек, мұндай рейдтер арнайы науқанмен ғана емес, суға түсу маусымы қызған шақта, күн сайын дерлік жүргізіледі. Құтқарушылардан құралған топтар әр күн сайын өзендер мен көлдердің акваториялары, жасанды қазаншұңқырлар бойынша рейдтер мен патрульдер жүргізіп отырады. Ал, халықпен жұмыс істеп, қауіптің алдын алу шараларын жүргізуге тек ТЖД қызметкерлері ғана емес, құқықтық тәртіп сақшылары, жергілікті атқарушы органдар және еріктілерден құралған ұйымдар да ат салысады.

Тобыл өзенінің бойында шомылушыларғаарнайы техниканың көмегімен және қайықтармен аралап жүріп, дауыс зорайтқыш арқылы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертілді. Одан бөлек, демалушыларға суға түсу кезінде немесе су маңайында болған жағдайда ескерілуге тиіс қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық парақшалар таратылды. Құтқарушылар мен полицейлер жағажайды ересек адамдардың қарауынсыз жүрген балалар мен жасөспірімдерді бақылап, олармен арнайы провилактикалық әңгіме жүргізді.   

Байланысты жаналықтар

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

29.05.2023

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

29.05.2023

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

25.05.2023

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

24.05.2023

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

23.05.2023

Сусыз қалған астаналықтар көшені жауып тастады 

23.05.2023
MalimBlocks
Экибастузский скандал до Карабаева доведет

Жители Экибастуза, уставшие выступать против строительства жилой этажки возле школы №23, хотят, вынести сор из избы. Они считают, что в дело должен вмешаться министр по инвестициям и инфраструктурному развитию Марат Карабаев.

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

Олар амалдың жоқтығынан үйінің төбесіне әкімнің есімін жазып қойған

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

Жители столичного комплекса Bai-Tursyn жалуются на рекламу депутата парламента с большой аудиторией в соцсетях Даулета Мукаева. Они считают, что парламентарий, еще до обретения депутатского мандата, ввел их в заблуждение, рекламируя новостройки, качеством которой они сейчас недовольны.

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

Маңғыстау облысында жемқорлықпен айыпталған шенеуніктерден тәркіленген қаржыға биыл 4 мектеп салынатын болды.

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Жетісу облысындағы Текелі қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны ауыз суды Қора өзенінен ішіп отыр.

Сусыз қалған астаналықтар көшені жауып тастады 

Олар амалсыздан осындай әрекетке барып отыр