Ақмола облысында 63 жастағы әйел күйеуін пышақтап өлтіргені үшін сотталғанымен, амнистияға ілігіп, жазадан босатылды, деп Malim.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс материалдарына сәйкес, әйел күйеуінің жұмысқа бармай, үнемі ішімдік ішіп, карта ойнауына ашуланған. Сотта ол сол сәтте өзін ұстай алмай, ашуға берілгенін айтты.
"Күйеуім менің бетімнен ұрды. Сол кезде ашу үстінде қолымдағы пышақпен бірнеше рет соғып жібердім. Содан кейін дереу жедел жәрдем шақырдым", – деген әйелдің сөзін сот отырысы кезінде келтірген.
Алайда жедел жәрдем келгенше ер адам ауыр жарақаттан ауруханада көз жұмған.
Сот бұл істі аффект (кенеттен пайда болған күшті эмоциялық күй) жағдайында жасалған кісі өлтіру деп танып, әйелді кінәлі деп шешті.
Дегенмен, оның жасы 63-те екені, сондай-ақ марқұмның туыстары тарапынан материалдық және моральдық шағым түспегені жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.
Сот әйелге бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған амнистия туралы заңға сәйкес, ол толықтай жазадан босатылды.