Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды

Оқиға
Енді ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды
Фото: видеодан скрин

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам көз жұмып, біреуі жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Трагедия 4 қараша күні Өскемен – Риддер тасжолының 48-ші шақырымында болды. ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima автокөлігі соқтығысқан.

«Оқиға салдарынан 5 адам жан тапсырып, 1 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың кім екені және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауға, ауа райы жағдайларын және техникалық қауіпсіздік талаптарын ескеруге шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу