Америкалық бизнесмен және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск дәстүрлі смартфондар бес жыл ішінде жойылып кетеді деп санайды, деп хабарлайды Malim.kz Jibek Joly телеарнасына сілтеп.
Кәсіпкер бұл болжамын тележүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, қазіргі гаджеттер 2030 жылға қарай экрансыз немесе дәстүрлі қосымшаларсыз пайдаланушылармен әрекеттесе алатын жасанды интеллектпен жұмыс істейтін құрылғылармен алмастырылады.
Сонымен қатар, Маск бұл құрылғылар кез келген бейне және аудио мазмұнды талдай алатынын, адамның қалауын болжай алатынын мәлімдеді.
Бұған дейін Маск Грокипедияның іске қосылғанын жариялады.