Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Германия Украинаға екі Patriot жүйесін жеткізді — Зеленский

Әлем
Германия Украинаға екі Patriot жүйесін жеткізді — Зеленский
Фото: Ints Kalnins/REUTERS

Германия Украинаға екі Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін тапсырды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский сейсенбі күні Еуроодақты кеңейту саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Мен Германияға алғыс айтамын. Жуырда олар бізге екі Patriot жүйесін берді, қазір оларды қолдануға дайындап жатырмыз, — деді Зеленский.

Украина басшысы бұған дейін бірнеше рет Patriot жүйелерінің Ресейдің әуе шабуылдарынан қорғану үшін аса қажет екенін атап өткен. Ол бұл мәселені АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесулерінде де тұрақты түрде көтеріп келеді.

Сонымен қатар, сейсенбі күні Handelsblatt басылымы хабарлағандай, Германия әзірге Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын Taurus зымырандарын беруді мүмкін емес деп санайды. Бұл ұстанымды бұрынғы канцлер Олаф Шольц ұстанған, ал қазіргі премьер-министр Фридрих Мерц те осы пікірді қолдайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу