Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Путин Қазақстан азаматын медальмен марапаттады

Оқиға
Путин Қазақстан азаматын медальмен марапаттады
meshok.net

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сергей Матвеевті Пушкин медалімен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.   

Марапаттау рәсімі Халық бірлігі күніне орай 4 қарашада Кремльде өтті.

Сергей Матвеев – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қырғыз Республикасының халық іртісі және Ресей Федерациясының “Достық” орденінің иегері. Ол театр мен ұстаздық қызметке 40 жылдан астам уақытын арнаған.

Сондай-ақ Сергей Матвеев – Қазақ ұлттық өнер университетінің актерлік шеберлік және режиссура кафедрасының профессоры, Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі және М. Горький атындағы театрдың көркемдік кеңесінің мүшесі.

Шығармашылық жолында ол ондаған рөлдерді сомдап, авторлық қойылымдар сахналады. Соның ішінде марапатқа ие болған “Пушкинмен оңаша” атты моноспектаклімен Қазақстан мен Қырғызстанда өнер көрсетті.

2019 жылы Сергей Матвеев халықаралық мәдени байланыстарды нығайту мен театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Ресейдің “Достық” орденімен марапатталған.

Сол күні Пушкин медалі Өзбекстан азаматы Эльмира Ахмедоваға, Жапониядағы Ресей мәдениеті фестивалінің төрайымы Комаки Курихараға және Германия азаматы, пианист әрі дирижер Юстус Францқа да табысталды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу