Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда бос тұрған көпқабатты ғимарат өртенді

Оқиға •
Алматыда бос тұрған көпқабатты ғимарат өртенді
видеодан скриншот

Алматыда төрт қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртеніп жатыр. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілері қазір жалынды сөндіріп жатыр.

”Қазір Алматы өрт сөндірушілері Медеу ауданы, Самал шағын ауданындағы төрт қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өртті сөндіріп жатыр. Өрт сөндірушілер келген кезде бос тұрған ғимараттың шатырынан түтін шыққаны анықталды”, – делінген хабарламада.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.

“Өртті сөндіру үшін су үздіксіз жеткізіліп жатыр. Өртті сөндіру үшін бірнеше су беру желісі тартылды. Өртті оқшаулау шаралары қабылданып жатыр”, – делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу