Қырғыздар президентін таппай жүр

Қырғыздар президенттерін жоғалытып алды. Сооронбай ЖЭЭНБЕКОВТЫ Қауіпсіздік кеңесі мен Ішкі істер министрлігі таппай жатыр. Тіпті елден шығып кетпесін деп шекарашыларға тапсырма да берген. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.
ИНТЕРФАКС агенттігінің хабарлауынша қауіпсіздік комите басшысының орынбасары Өмірбек СУВАНАЛИЕВ президенттің қайда екенін белгісіз екен.
«Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай ЖЭЭНБЕКОВ пен премьер-министр Кубатбек БОРОНОВТЫҢ (6 қазан күні отставкаға кеткен)қайда екені белгісіз. Қауіпсіздік мақсатында шекараны жабу туралы шешім қабылданды», - деген Өмірбек Суваналиев.
Ішкі істер министрінің уақытша міндетін атқарушы және Бішкек қаласының коменданты Курсан АСАНОВ та президенттің ұайда екені белгісіз дейді.
«Мен қазір басқа проблемалармен айналысып жатырмын. Қаланы ретке келтіріп жатырмыз. Біз еріктілермен бірге кешеден бері қаланы бақылауға алып, ұрлық-қарлықтың алдын алып жатырмыз. Жээнбековті іздестірумен басқа структуралар айналысып жатыр», - депті Асанов 24.kg ақпарат құралына берген сұхбатында.
Алтыншы қазан күні Қырғыз басшысы мәлімдеме жасаған болатын. Сайлауды сылтау еткен кейбір саяси күштер билікті күшпен басып алмақшы болғанын айтқан. Және өзінің легитимді президент екенін де айтқан-ды.
«Қан төгілмесін, бір де бір азаматтың өміріне қауіп төнбесін деп күш органдарына оқ атпауға бұйрық бердім. Жағдайды ушықтырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Мемлекеттің тыныштығы, қоғамның тұрақтылығы депутаттық мандаттан жоғары», - деген еді Жээнбеков.
Фото: rbc.ru
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.