"Қызыл аймақтағы" Алматы: "70 науқасқа 1 дәрігер. Барлығы шаршаған"

Malim Админ

  • 13.04.2021

Алматыда ковидпен ауырып жатқан науқастар дәрігерлердің шарасыздығына наразылық білдірді.

КазТАГ басылымының мәліметінше, Алматы қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде орналасқан госпитальде ем алып жатқан науқарстардың бірі «70 науқасты 1 дәрігер қарайтынын» айтып, шағымданған.

«Мен «Халық Аренаның» блок «Б» № 4 бөлімшесіне 12 сәуір күні сағат 16:00-де түстім. Сол уақыттан бері мені әлі тексерген жоқ. Жағдайым ауыр. Дәрігерлер үлгермей жатыр. 70 науқасқа бір дәрігер. Барлығы шаршаған», - дейді аты-жөнін айтпауды өтінген науқас.

Әзірге Алматы қаласы әкімдігі мен денсаулық сақтау министрлігі аталмыш жағдайға байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. БАҚ өкілдеріне тек жағдайды егжей-тегжейлі тексеретіндерін айтты.

«Халық Арена» кешеніндегі госпитальге ковиднауқастарды наурыздың 31-і күні жатқыза бастаған. Қалалық әкімдік «кешенде науқастарды емдеуге балық жағдай жасалғанын, 1 мың адамға арналған орын бар» екендігін мәлімдеген.

Коронавирустың таралуы бойынша ШҚО мен Түркістан облыстары «жасыл аймақта». Шымкент қаласы, Қызылорда және Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары «сары», ал Атырау, БҚО, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстары, Алматы қаласы мен астана «қызыл аймақта».

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды