Шағын несие рәсімдеуде нені білу қажет?

Шағын несие рәсімдеуде нені білу қажет?
Бүгінде ел шағын несие алуды әдетке айналдырды десек те болады. Себебі несиенің мұндай түрі қолжетімді әрі оңай рәсімделеді. Алайда ондай несиені алардан бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кескен абзал. Себебі олардың жарнамасы көздің жауын алады, ал тұтынушы мұндайда пайыздық мөлшерлерге назар аудармай, тиімсіз құжаттарға қол қойып қоюы мүмкін. Бұдан сақтану үшін біз сізге Financer.com тегін сервисінің көмегін ұсына аламыз.
Financer.com/kz – Қазақстандағы несиелеудің энциклопедиясы десек те болады. Бұл порталдан шағын несие туралы мол мағлұмат алуға болады. Сайтқа тіркелмей-ақ әрі ақысыз түрде сіз қаржы және инвестиция туралы нақты ақпараттарды оқи аласыз. Сондай-ақ кредиттік калькулятордың көмегімен несиелер мен депозиттер бойынша нақты мөлшерлемелерді есептеуге болады.
Financer кез келген тұтынушыға қазақстандық кредиттік компаниялар туралы пікір қалдыруға мүмкіндік береді. Ол үшін «Пікірлер» бөлімінде сіз қызметтерін пайдаланған компанияны таңдау қажет. Сондай-ақ мұнда басқа пайдаланушылардың пікірін оқуға болады.
Қиын жағдайдан шығуға, қаржылық жағдайыңызды жақсартуға, бизнесті жүйелеуге және несие тарихын түзетуге микронесиелеудің берер пайдасы орасан.
– Егер алғаш рет несие рәсімдейін деп тұрсаңыз онда кредиттік компаниялар сізге тиімді шарттар ұсынады. Алайда сіз несиені уақытында төлемесеңіз, өсімпұл мен айыппұл стандартты тариф бойынша есептелетініне назар аударыңыз. Есіңізге сақтаңыз, қарызды мерзімінен бұрын өтеу арқылы қаржыңызды үнемдейсіз әрі сіздің кредиттік тарихыңызға оң әсер етеді, – деді Financer.com сайтының несие беру және жеке қаржы саласындағы сарапшысы Евгения Николаевская.
Микроқарыздардың басты артықшылығы – қолма-қол ақшаны жылдам, кепілсіз және қосымша кепілдіксіз алу мүмкіндігінің болғанында. Сізден тек қана қолжетімді интернет пен қазақстандық банкте ашылған жеке шотыңыздың болуы талап етіледі. Сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжатыңыз өзіңізбен бірге болу керек. Айта кету керек, біздің елде шағын несиелер 18 жасқа толған азаматтарға ғана беріледі.
Банктік қарызға қарағанда экспресс-кредит дәл сол сәтте сізге қажетті сомаға (300 мың теңгеге дейін) рәсімделеді. Кредиттік өтінім бойынша жауап көп жағдайда лезде беріледі және ақша сол күні клиенттің шотына түседі.
Несиенің қай түрі болмасын ең алдымен қаржылық міндеттемелер екенін есте ұстаған жөн. Төлемді кешіктірген жағдайда несие беруші қосымша пайызбен төлеуді талап етуге, сондай-ақ басқа шығындар үшін ақы алуға құқылы. Бұл жағдайда қарыздың жалпы сомасы жылдам қарқынмен өседі. Сондықтан несие келісімінің шарттарын, соның ішінде осындай қосымша шығындардың мөлшерін біліп, түсінгеніңізге көз жеткізіңіз. Айтпақшы, несиелеу мерзімі неғұрлым аз болса, артық төлем соғұрлым төмен болады. Мұны да есте сақтаған жөн.
Шағын несие беретін ұйымды таңдау кезінде міндетті түрде күмән мен қиындықтар туындайды. Несиелік ұйымның тарихы мен беделіне, ресми тіркеудің болуына ерекше назар аудару керек. Бұл сіздің несие келісіміңіздің Қазақстан Республикасының заңдары шеңберінде рәсімделетіне сенім ұялатады. Әдетте, сенімді кредиторлар өз веб-сайтында байланысты, ашық ұсыныс пен басқа да құжаттарды жариялайды.
Қазақстандық кредиттік компаниялардың объективті сипаттамасы, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ қаржылық қызметтер нарығы мен неғұрлым тиімді ұсыныстар туралы барлық қажетті және өзекті ақпарат Financer.com тегін сервисінде ұсынылады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.