Сәулетті Қазақстан: Инвесторға жарымайтын Алматы

“Сәулетті Қазақстан” арнайы айдарымыз аясында елдегі құрылысы басталып, аяқталмай қалған нысандар жайлы материалдарымызды назарыңызға ұсынамыз.

Айшолпан КЕРІМ

  • 24.05.2022

“Сәулетті Қазақстан” арнайы айдары аясында құрылысы басталып, аяқталмай қалған нысандар жайлы материалдарымызды назарыңызға ұсынамыз. Алып шаһар Алматыда мұндай ғимарат көп-ақ. Сол себепті шолуымызды екі бөлімге бөлуді жөн көрдік.

Бұған дейін Қала құрылысын бақылау департаменті Malim.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында қалада қазір 24 нысанның құрылысы тұралап қалғанын айтқан. Еске сала кетейік, оңтүстік астанымыздың әрбір ауданында кемі бір құрылысы аяқталмай қалып қойған ғимарат бар болып шықты: Алатау ауданы - 3, Алмалы ауданы - 6, Әуезов ауданы - 2, Бостандық ауданы - 3, Жетісу ауданы - 1, Медеу ауданы - 7, Наурызбай ауданы - 1, Түрксіб ауданы - 1.

  • Алмалы ауданына қарасты Қожамқұлов көшесіндегі ғимарат құрылысы 2016 жылы басталып, 2018 жылы тоқтап қалған. Себеп - инвесторлар тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуы. Басқарма қызметкерлерінің сөзінше, MELROY GROUP құрылыс компаниясы құрылысты жалғастырмақ ниетте, сондықтан инвестор іздеп жатқан көрінеді.

  •  Дәл осы аудандағы Панфилов-156 мекенжайы бойынша орналасқан бұл ғимарат та құрылысы басталып, аяқталмай қалған. Ғимарат құрылысы 2015 жылдың бірінші ширегінде басталған. Абай мен Құрманғазы көшелерінің ортасында орналасқан нысан құрылысы құжатқа сай 2016 жылдың үшінші ширегінде аяқталуы керек еді.  Алайда іздеп барып, әзірге ғимарат іске жарай қоймайтынына көзіміз жетті. Басқарма мәліметінше, қазір ғимарат иесі инвесторлар іздеп жатқан көрінеді. 

Оқи отырыңыз: Сәулетті Қазақстан: Алматының 40 жылдық қаңқалары

  •  Сәтпаев пен Манас көшелерінің қиылысындағы “Өнер” көпфункционалды тұрғын үй кешені құрылысы да 2016 жылы тоқтатылды. Ал құрылысы 2014 жылы басталған. Кешен негізінде тұрғын үй, қонақ үй, офис және сауда-саттық орындары мен Суретшілер Кеңесіне арналған шеберхана болуы керек еді. Алайда құрылысшылар тек жерасты қабатын салып, бірінші қабаттың қаңқасын қалыптастырып үлгерген. Басқарма қызметкерлері берген мәліметке сай, қазіргі таңда аталған нысанға жауапты құрылысшы компания құрылысты қайта жаңғырту үшін инвесторлар іздестіріп жатыр екен. Ғимарат жан-жағынан мықтап қоршалғандықтан, көшенің арғы бетінде тұрған ғимаратқа кіріп фотоға түсіруге тура келді.

  • Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшелерінің қиылысында 2007 жылы бесқабатты паркинг құрылысы басталатыны белгілі болды. Алайда ол да екі жыл өткен соң тоқтап қалды. Қала құрылысын бақылау департаменті жіберген дерекке сәйкес, құрылыс қаражат тапшылығы себебінен тоқтатылған.

  • 2006 жылы Горная, 440 (Керей-Жәнбек хандар көшесі) мекенжайы бойынша Республикалық балаларға арналған оңалту орталығы құрылысы басталады. Құжатқа сай 125 адамға есептелген ғимарат бой көтеруі керек еді. Алайда екі жыл өтпей ғимараттың тек бір қабаты көтеріліп, құрылыс тоқтап қалады. Кейінірек нысан құрылысы аяқтауға жарамсыз екені белгілі болды. Артынша орталық жетекшілігі Денсаулық сақтау министрлігінен құрылысты бұзу үшін қаражат сұратқан болатын. Алайда  Медеуге көтерілер жолда ғимарат әлі қаз-қалпы тұр: тек ағаштар қалыңдап, құрылысшылар көтерген ғимарат қаңқасы көрінбей қалыпты. Қақпада құлып тұрғандықтан, әрі қарай өте алмадық. Malim.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасына аталған құрылыс нысанының бұзылуына қаражат бөлініп-бөлінбейтінін сұрап, хабарласқан еді - әзірге үнсіз.

фотодеректер мақала авторына тиесілі

Байланысты жаналықтар

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024
MalimBlocks
Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды