Сәулетті Қазақстан: Алматының 40 жылдық қаңқалары

Алматыдағы құрылысы аяқталмаған ең танымал ғимараттар тізімін дайындадық.

Айшолпан КЕРІМ

  • 16.05.2022

Елімізде құрылысы аяқталмай қалған нысандар көп. Олардың бірі уақыт өте қайта жанданса, ендібірі қырық жыл бойы еш қозғалмастан қалған. Malim.kz "Сәулетті Қазақстан" мақалалар сериясында еліміздің аяқталмай қалған құрылыс нысандарына шолу жасайды. Бүгін Алматының ең танымал құрылыс ғимараттарының тізімін дайындадық. 

Әлемдік қаржы дағдарысынан соң қалада кейбір ғимараттар құрылысы тұралап қалып, оның көбі сол күйі аяқталмай, тас мүсінге айналды. 

Алматы қалалық қала құрылысын бақылау басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, қазіргі таңда Алматы аумағында 24 аяқталмаған құрылыс нысаны (Алатау ауданы - 3, Алмалы ауданы – 6, Әуезов ауданы - 2, Бостандық ауданы – 3, Жетісу ауданы - 1, Медеу ауданы – 7, Наурызбай ауданы -1, Түрксіб ауданы – 1) бар. 

Оның ішінде 9 - көппәтерлі үй, 11 - әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысан, 3 – білім беру нысаны, 1 - денсаулық сақтау нысаны. 

Басқарма қызметкерлерінің сөзінше, аталған нысандардың құрылысы қаражат тапшылығы салдарынан, банкроттық жағдайға түсулеріне байланысты тоқтап қалған. Malim.kz тілшісінің құрылыс нысандары қашан қайта жанданады деген сұрағына басқарма басшылығы бүгінгі таңда нысандардағы құрылыс жұмыстарын жандандыру үшін меншік иелері инвесторлар іздеп жатқанын айтты.

Күн сайын жаңа тұрғын үй кешендері салынып, жаңа пәтер кілттері үлестіріліп жатқан шақта, бірнеше жылдан бері еш өзгеріссіз қаңқа ғимарат күйі тұрған нысандар көп-ақ екен. Басқарма ұсынған тізімге сай қаланы аралап, сол ғимараттарды іздеп көрдік. Фотодеректердегі ғимаратты көп алматылық танитыны анық.

– Ең әуелі аяқталмаған ғимараттар арасындар ардагер саналатын Құрманғазы мен Шәріпов көшелерінің қиылысындағы зертхана корпусына жол тарттық. Ардагер дейтініміз - ғимарат құрылысы сонау 1983 жылы басталып, бес жыл өткен соң тоқтап қалған. Тапсырыс беруші - Денсаулық сақтау министрлігі. Басталғанына және аяқталмай тұрғанына енді бір аттаса 40 жыл толатын ғимаратты Алматыға қанша әкім келіп-кетсе де, аяқтауды ойламапты. Соған қарағанда, қазақ-совет жабылып аяқтай алмаған істерге ескерткіш ретінде қалдыру керек шығар…

Оқи отырыңыз: Мұғалімдер менен тезірек құтығылысы келетіндей көрінетін - Қазақстандағы инклюзивті білім беру жайлы

– Абай мен Тілендиев көшелерінің қиылысында орналасқан мына ғимарат құрылысы 2006 жылы басталып, бір жыл өтпей тоқтап қалған. Алмалы ауданындағы бұл ғимарат құрылысы “Сайран” тұрғын үй кешенін салу мақсатында басталған болатын. 15 жылдан аса уақыт ішінде қалалықтар үшін бұл ғимарат сәулет туындысы іспеттес болып та кетті. Ғимарат құрылысына жауапты “Корпорация Kuat” АҚ жетекшісі бір жыл бұрын банкротқа ұшырағалы отырғанын жариялаған еді. Ал қазір нысан сатылымға қойылған екен.

– Төле би мен Амангелді көшелері қиылысындағы ғимарат құрылысы да қызық: құрылыс 2000 жылы басталып, сол жылы аяқталмастан, тоқтатылған. 20 жылдан аса уақыт қаңқа күйі тұрған нысанның сол бір жыл ішінде 9 қабаты бой көтеріп үлгерген. Тапсырыс беруші “АлматыГорРемСтрой” АҚ мен “ПрессАТаше” арасында 2010 жылдан бері сот істері жүріп келеді. Сот істері аяқталысымен “АлматыГорРемСтрой” қаржы құйып, нысан құрылысын аяқтауға уәде беріп отыр.

Оқи отырыңыз: Айнаға қарау қиындап кетті - сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандардың хикаясы

– Бостандық ауданындағы Гагарин көшесінің бойында орналасқан бұл ғимарат құрылысы да 2015 жылы басталып, бір жыл өткен соң тоқтап қалған. Құрылысшы компания Medeus Group нысанды 2017 жылы жеке тұлғаға сатып жіберген. Ал қазір ғимарат қайта сатылымға қойылған. 

– Ал 2009 жылы қала жоғары жағында орналасқан тағы екі ғимарат құрылысы тоқтап қалған. Соның бірі - Тимирязев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты “Бәйтерек” ТҮК ғимараты. Аса ауқымды жоба құрылысы 2006 жылы басталып, артынша бұл да аяқталмаған нысанға айналып үлгерді. Құрылысшылар 13 қабатты тас қалап үлгерген екен, ал басқарма берген құжатқа сәйкес, “Бәйтерек” ТҮК 19, 21 және 26 қабаттың үш ғимаратты қамтуы керек болған.

Оқи отырыңыз: С. Хусейн, Н. Назарбаев - өз ескерткішінің құлағанын көргендер көп емес

– Бүгінгі тізімді қорытындылайтын ғимарат құрылысы осыдан 14 жыл бұрын басталған. Сонау 2005 жылы Dostyk Plaza ойын-сауық кешеніне қарама-қарсы жеке тұлғаның инвестициясымен ТҮК құрылысы басталып, екі жыл өтпей құрылыс жұмыстары тоқтатылған. 

фотолар мақала авторына тиесілі - Malim.kz

Екінші бөлім. Сәулетті Қазақстан: Инвесторға жарымайтын Алматы

 

Байланысты жаналықтар

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024
MalimBlocks
Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды