Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Мөлдірдің анасы ерте кеткен": Танымал журналист Тұрсынбектің анасына үндеу жасады (ВИДЕО)

Қоғам
"Мөлдірдің анасы ерте кеткен": Танымал журналист Тұрсынбектің анасына үндеу жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Белгілі журналист Қымбат Әбілдақызы қоғамда қызу талқыланып жатқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова арасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп Malim.kz тілшісі Madeniportal.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Мөлдірге қолдау көрсетіп, болған оқиғаға бей-жай қарай алмайтынын айтты.

"Бүкіл жұртты дүрліктірген Мөлдірдің көз жасы – күндіз күлкімізді, түнде ұйқымызды бұзып бітті. Бей-жай қала алмай, менде шер тарқаттым…", – деді Қымбат Әбілдақызы.

Қымбат Әбілдақызының сөзінше, Мөлдірдің өмір жолы қиындыққа толы. Анасы он үш жасында қайтыс болған бойжеткен ерте есейіп, отбасылық құндылықты терең түсінген жан екенін атап өтті.

Сонымен қатар, журналист Тұрсынбек Қабатовтың анасына да арнайы үн қатты.

"Мөлдірдің анасы он үш жасында қайтыс болған. Кішкентай кезінен отбасыны сақтап қалудағы үлгісін бойына сіңіріп кеткені байқалады. Ал Тұрсынбектің анасы, сіз тірісіз ғой. "Балам, сен адассаң да мен адаспаймын. Ол сенің қолыңа қонған ақ құсың, енді жапырағың жайқалып бәйтерекке айналар шағыңда, мені бұны көтере алмаймын", деп неге өзіңіз басу айтпайсыз? Анасының сөзін тыңдамайтын ұл бала жоқ. Ананың сөзін ұлдар ерекше құрметтейді", – деді журналист.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу