Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қаңырап бос тұр". Бектенов спорт нысандарының жұмысын сынға алды

Спорт
"Қаңырап бос тұр". Бектенов спорт нысандарының жұмысын сынға алды
Үкімет

Мемлекет бизнестен әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында жауапты қадам күтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Malim.kz.  

Әрбір қазақстандықтың өмір салтына айналуға тиіс спорттың дамуы Мемлекет басшысының үнемі назарында. Бұл орайда еліміздің барлық өңірінде спорттық инфрақұрылым мен бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Басты мақсат – халықтың дене шынықтыру және спортпен қамтылу деңгейін арттырып, кәсіпқой спортшыларды даярлау үшін қажетті жағдай жасау. Барлық өңірде спорт инфрақұрылымын біркелкі дамытып, тұрғылықты жерлерге жақын спорт алаңдарының желісін құру қажет. Сондай-ақ клубтар мен секцияларды дамыту жұмыстарына баса мән берілуге тиіс, - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Үкімет басшысы жаңа нысандардың құрылысымен қатар қолданыстағы спорт нысандарын тиімді пайдалануға да назар аудару керектігін баса айтты.

- Мәселен, Алматы облысының Талғар қаласының тұрғындары «Жастар» стадионы қаңырап бос тұр, спорттық іс-шаралар өткізілмейді, секциялар жоқ деп шағым айтуда. Туризм және спорт министрлігі мен әкімдіктер спорт нысандарының мақсатты әрі тиімді жұмысын қатаң бақылауға алсын. Айта кетейік, соңғы жылдары спорт нысандарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Былтырдың өзінде 90 нысан бой көтерсе, оның 61-і – ауылдық жерлерде салынды. Бұл – өте маңызды көрсеткіш, - деді Олжас Бектенов. 

Премьер-министр биыл тағы 102 нысан пайдалануға беріліп, жұмыстар аяқталатынын айтты. 

- Мемлекеттік шығындарды оңтайландыру үшін әкімдіктер бюджеттен тыс қаржы көздерін тартып, үлгілік жобаларды белсенді пайдалануға тиіс. Мемлекет бизнеске қолдау көрсетіп отыр, сондықтан әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында жауапты қадамдар күтеді, - деді ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу