Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Тұрсынбек жездемнен айрылып қалдық": Танымал журналист өкінішін жеткізді (ФОТО)

Қоғам
"Тұрсынбек жездемнен айрылып қалдық": Танымал журналист өкінішін жеткізді (ФОТО)
ашық дереккөзден

Белгілі журналист Ербол Мәндібек әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова арасындағы жағдайға байланысты өз ойын білдіріп, өкінішін жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Бір жездемнен айырылып қалдым. Түнімен уайымдап ұйықтай алмай шықтым. Бұл қалай болғаны? Талай мәрте Торғайға келіп қайынжұртым деп қызмет қылып, алаңсыз ас-суымызды ішіп жүрген азамат еді ғой. Түнгі сағат екіге дейін Мөлдір Мұқанова апамның сұхбатын көрдім. Жездеміз Тұрсынбек Қабатовпен заң жүзінде ажырасқанын айтты. Бұдан бұлай Тұрсынбек Торғайдың күйеу баласы емес. Ақыры айырылып қалыппыз", – деп жазды журналист.

Журналист өз жазбасында Мөлдір Мұқанованың сабырлылығына және отбасын сақтап қалуға деген талпынысына риза екенін білдірді.

"Мөлдір апама риза болдым. Ошағын өшірмеу үшін барынша тырысқан екен. Өмірлік серігіне жан-тәнімен берілгені байқалып тұр. Әттең, Тұрсекең әйелінің қадірін түсінбеген екен. Еркек заты ноқтасын бір үзсе болмайды деген рас-ау. Қартайған шақта махаббат деген пәленің не керегі бар? Түсінбеймін. Мөлдір апам қыз десе қыз, ұл десе ұл тапты. Аяқ-қолын жылы суға малып күтті. Бас ұстап, жамбас мүжіп, құйрық май асап, төс қағар шағында неге қағынды екен?", – деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол ер адамдардың сезімге беріліп, ойланбай әрекет етуіне қатысты пікірін де ашық айтты.

"Қазір не көп? Сұлу қыз, сұлу әйел көп. Еркек болған соң жыланың жыбырлап, құртың қозып, кейде ауыз тигің келетіні рас. Бірақ, ең дұрысы көтті қысқан дұрыс. Е құдайым, қартайғанда мені ешкімге ғашық қыла көрме. Содан басқа тілеуім жоқ. Мөлдір менің жерлесім, апам, өте ақылды, отбасы үшін соңына дейін күрескен кісі. Алайда, еркектің екі елі етке есі кетсе шара жоқ деген сөз рас-ау. Мен бұл жерде махаббат пен жүректі айттым. Дұрыс түсініңіздер", – деп түйіндеді Ербол Мәндібек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу