Германиядағы сириялық босқындар отанына оралуы тиіс, ел билігі депортациялауды бастайды, деп хабарлайды Malim.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
«Сириядағы азаматтық соғыс аяқталды. Енді Германияда баспана беруге ешқандай негіз жоқ. Сондықтан біз депортациялауды бастай аламыз», – деп мәлімдеді Германия канцлері Фридрих Мерц.
Мерцтің айтуынша, босқындардың елеулі бөлігі өз еркімен еліне оралып, қалпына келтіру жұмыстарына қатысады деп үміттенеді.
«Германиядан отанына оралудан бас тартқандарды болашақта депортациялауға болады», – деп қосты ол.