Сенат «саяси партиялар туралы» заңды қабылдады

Malim Админ

  • 21.05.2020

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты өзгерістер мен толықтырулар енген «Саяси партиялар туралы» заңды қабылдады.

Депутаттар бұл жаңа заң жобасы саяси партия институтын дамытып,  қоғамды демократияландыра түседі дейді.

 «Президентіміздің ұсынысымен бүгін қабылданып отырған заңдар елдің саяси өмірінде ерекше маңызға ие. Саяси партияларды құру мен тіркеу талабы едәуір жеңілдетіліп отыр. Партияларды тіркеудің талаптық шегі төмендетілді. Қабылданған заңдар көп партиялық жүйені одан әрі нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз. Сондай-ақ, партиялардың сайлау тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық міндетті квота белгіленді. Бұл әйел адамдардың және жастарға еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысу үшін қосымша мүмкіндік береді. Мұндай өзгертулерді демократиялық даму жолындағы нақты қадам деп қарастыруымыз керек. Олар саяси жүйемізді әрі қарай дамытуға үлес қосады деп сенеміз», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Бұл заңдағы өзгерістер мен толықтыруларға президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ мұрындық болған. Былтыр 2019 жылдың желтоқсан айында мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында саяси реформалар пакеті аясында ұсынылған. Енді саяи партия ашу үшін 40 мың емес, 20 мың адамның болуы жетіп жатыр. Сарапшылар бұл саяси аренада жаңа партиялардың пайда болуына оң ықпал етеді дейді. Сондай-ақ, заңға сәйкес әйелдер мен жастар еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласатын болады. Яғни сайлауға түскен партиялардың тізімінде әйелдер мен жастардың үлесі міндетті түрде 30 пайызды құрау керек.

С. НАЗАРОВА

Фото: parlam.kz

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

08.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

02.04.2025

Қазақстанға да бір Илон Маск керек – Мәулен Әшімбаев

06.02.2025

ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлері Қазақстанда мемлекеттік тендерге қатыса алады

09.01.2025

"Бұл- хайуанаттар бағы емес". Сенатор Бишімбаевты көрсетпеу керектігін айтты

14.11.2024
MalimBlocks
Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

Қазақстанға да бір Илон Маск керек – Мәулен Әшімбаев

ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлері Қазақстанда мемлекеттік тендерге қатыса алады

Сенат осындай келісімді мақұлдады

"Бұл- хайуанаттар бағы емес". Сенатор Бишімбаевты көрсетпеу керектігін айтты

Қожаев "журналистер хайп қуасыңдар" деді