Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Malim Админ

  • 03.12.2024

                          Фото: «Түркістан»

100 томдық «Бабалар сөзін» құрастырушы әрі жетекшілерінің бірі, белгілі әдебиеттанушы, ақын Серікбай Қосан «Түркістан» газетіне берген сұхбатында архивпен жұмыс істеген көптеген ғалымдардың ерте қайтыс болуына не себеп болғанын айтты. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген 100 томдық еселі еңбекті әзірлеу барысындағы қиындықтарды атады және "Бабалар сөзіне" Мемлекеттік сыйлық бермеген министр туралы айтты, деп хабарлайды www.malim.kz сайты.

– 2003 жылдан 2005 жылға дейін «Бабалар сөзінің» 24 томы жа­рыққа шықты. Сол кездегі көптомдықтың жауап­ты редакторы – Бақытжан Әзібаева апайы­мыз денсаулығына байланысты ол жұ­мыстан бас тартты. Мені демалыста жүрген жерімнен институт директоры, академик Сейіт Қасқабасов ағамыз жедел шақыртып алып, осы жұмысты жалғастыруға ұсыныс жа­сады. Одан соң мен «Бабалар сөзінің» 62 то­мына дейін басшылық жасадым. Мен тарап кет­кен жұмыс тобын қайта құрып, аз ғана жас мамандармен бірге кездескен қиындық­тар­ға қарамай, өзіме тапсырылған міндетімді ат­қарып шықтым. Әрине, оңай болған жоқ. Сол кезде академияда жөндеу жұмыстары бо­лып жатты. Көшіп-қонып жүріп ескі қол­жаз­ба парақтарына үңілумен талай уақыт өт­кіздік. Суық жерде еңбек етудің салдарынан сыр­қатқа шалдыққан кезіміз де болды. Соған қа­рамастан жыл сайын «Бабалар сөзінің» 10 то­мын әзірлеу керек болды. Тобымызбен Ұлт­тық кітапхананың сирек қорындағы, Әдебиет жә­не өнер институтының қолжазбалар қо­рын­дағы материалдарды ақтарып, том-том шаң басқан қағаздардың ортасында отырдық. Оның бәрі соғыс кезінде сырқаттанған, өкпе ауруына шалдыққан ақсақалдардың қолымен жиналған, дұрыс сақтау шаралары жасал­ма­ған, вирустары көп қауіпті жазбалар еді. Сон­дықтан бұл саладағы кісілердің көбі ерте қай­тыс болып кетті. Марқұм ұстазымыз Үш­кіл­тай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар. Қожазбалардың зардабын тар­тудан өзге, оны оқудың өзі оңай емес. Жазылғанына ғасырдан аса уақыт өтіп, тозып кет­кен қолжазбалардағы сауатсыз жа­зыл­ған­дықтан түсінуі қиын қолтаңбаларды, сол сияқ­­­ты ескі сөздері көп, тілі ауыр, Орта Азия­лық түрки тілінде жазылған жазбаларды игеру – кез келген ғалымның қолынан келе бер­мейтін мехнатты шаруа. Олардың бәрін оқу үшін тәжірибе жинақтау керек, жастарды үй­рету қажет. Көне мәтіндерді өңдеп, қате­ле­рін редакциялап, емлесін қалыпқа түсіріп, ғы­лыми түсініктеме жазу керек. Оған кісі есім­деріне, жер-су аттарына түсініктеме беру, жи­наушылар туралы мәлімет беру, шығар­ма­ның өзі туралы ғылыми сараптама жазу, т.б. жұ­мыстарды қосыңыз. Мұның бәрі белгілі дең­гейде ғылыми дайындықты қажет етеді. Міне, осылардың бәрін қарап, редакциялап, бас­паға ұсынуға дейінгі жұмыстарды қада­ға­лап отырдым. 
40 томдай еңбекті жанымда ылғи бірге жұ­мыс істеген марқұм ф.ғ.к. Қарашаш Ал­пыс­баева, өзімнің шәкірттерім Алмас Оралбек, Нұр­жұма Елесбай, Тоғжан Әкімова, Жанат Сал­тақова, Насихат Мүрсәлім, Элмира Сма­но­ва, Гүлайым Иманалиева, т.б. ғылыми қыз­мет­керлермен бірге дайындадық. Ілгері-кейін­ді бұл жауапты жұмыстарға ф.ғ.к. С.Сә­ке­нов, П.Әуесбаева, Ж.Сайлауқызы, А.Әлібек­ұлы, А.Тойшан, Д.Жахан, Қ.Орынғали, Б.Тұр­лым­беков, Қ.Тастанов сынды азаматтар ат­са­лысқанын айту парыз. Олардың арасында бір­неше томға не белгілі бір жанр бойынша қа­тысқандары бар, келімді-кетімді қыз­мет­кер­лер де болып тұрды. Басшылықтың ұсы­ны­сымен, 62-томнан кейін жетекшілікті до­сым Тоқтар Әлібекке тапсырдым. Ол 63-том­нан бастап, қалған томдарды аяқтап шықты. Сөйтіп, 10 жылға созылған «Бабалар сөзі» топ­­­­тамасы 2013 жылы бітіп, барлық томдары «Фолиант» баспасынан жарық көргені мәлім. Ал 2016 жылы осы аталған «Бабалар сөзі» 100 том­дық фольклор сериясы мемлекеттік сый­лыққа ұсынылды. Мен де сол ұжымның қата­рында бесінші болып іліккенмін. Әрине, «бұл әлі жас қой» деген адамдар да болды, бірақ Ғы­лыми кеңесте Серағаң бастаған үлкен ға­лым­дар «Серікбайдың еңбегі сіңді, ұсы­ныл­сын» деп шешім шығарды. Бірақ бұл ұжым бо­лып атқарған үлкен маңызды жобаға сый­лық берілмеді. Сол кездегі Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бас­қарған комиссия мүшелері 100 томдық «Ба­балар сөзі» сериясын «Мемлекеттік сый­лық­қа лайық емес» деген шешім қабылдады.

Байланысты жаналықтар

Базар жырау өлеңдері

25.09.2024

Доспамбет жырау толғаулары

05.09.2024

Қазтуған жырау толғаулары

04.09.2024

Ақтамберді жыраудың толғаулары

25.08.2024

Махамбет Өтемісұлының өлеңдері

18.07.2024
MalimBlocks
Базар жырау өлеңдері

Базар жырау Оңдасұлы – 1842 жылы қазіргі Қармақшы ауданында дүниеге келіп, 1911 жылы Өзбекстан Республикасы, Тамды ауданы Жалпақтау деген жерде өмірден өткен. Жыраудың жырлары, термелері ел арасына кең тараған.

Доспамбет жырау толғаулары

Доспамбет жырау (1490–1523) – жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты.

Қазтуған жырау толғаулары

Қазтуған Сүйінішұлы (1420, қазіргі Астрахан облысы Красный Яр қала маңы - ө.ж.б.) - жырау. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған.Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.

Ақтамберді жыраудың толғаулары

Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) – қазақтың ұлы жырауы. Жауынгерлік рухта бірегей толғаулар жазған, өзі де қолбасшы, батыр болған. Көптеген шайқастарға қатысқан.

Махамбет Өтемісұлының өлеңдері

Махамбет Өтемісұлы 1804 туған. 1846 жылы 20 қазанда қаза тапқан. Қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836–1837) ұйымдастырушылардың бірі. Осы көтерілістің жалынды жыршысы. Оны Қазақ хандығының соңғы жырауы деп тануға болады.