Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана тұрғыны әке-шешесін «қайтыс болды» деп әріптестерінен ақша жинаған

Қоғам
Астана тұрғыны әке-шешесін «қайтыс болды» деп әріптестерінен ақша жинаған

Астанада ер адам тірі әке-шешесін «қайтыс болды» деп жалға қайғы ойлап тауып, әріптестерінен ақша жинап алған, деп хабарлайды Malim.kz. Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Ер адам жұмысынан сұрану үшін басшыларына әкесінің қайтыс болғанын айтып, жалған себеп келтірген. «Қайғысына» ортақтасқан әріптестері оған демалыс беріп қана қоймай, көмек ретінде ақша жинап берген.

Алайда арада бір апта өткен соң ол анасының да өмірден өткенін айтып, екінші мәрте әріптестерінен ақша дәметкен. Ал оның шын мәнінде бұл қаражатты жеке мақсатқа жұмсамақ болғаны белгілі болды.

Күдік тудырған әріптестері ақпараттың рас-өтірігін тексеру үшін анасына хабарласып, оның аман-есен екенін анықтаған. Осылайша, оның әріптестерін алдамақ ниеті әшкере болған.

«Жәбірленушілер полицияға жүгінген. Тергеу барысында күдіктінің 20-дан астам әріптесі оған түрлі мөлшерде ақша аударғаны анықталды.

Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу