Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

14 қарашада ауа райы қолайсыз болады

Экология
14 қарашада ауа райы қолайсыз болады
Фото: pexels

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 14 қараша, жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің солтүстігінде қатты дауыл мен боран болуы мүмкін.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр мен қар жауады.

Ал елдің оңтүстік аймақтарында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

"Қазақстанның солтүстігі мен шығысында бұрқасын, ал солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде көктайғақ күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар еліміздің көп өңірінде жел күшейіп, тұман түседі деп болжанып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу