Шетелде нәпақа тамабын деп қаза болған

Қырғыз үкіметі биыл жарты жылда шетелде қаза болған 200-ден астам азаматын еліне әкеліп жерледі. 

Malim Админ

  • 09.08.2023

Бұл мәліметті Қырғыз еліндегі Азаттық еңбек, көші-қон және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің баспасөз қызметінен алған. Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, былтыр шетелден 350 қырғызстандықтың мәйіті елге жеткізілген. Оның 200-ден астамы Ресейде қаза болған. Биыл әкелінгендердің қаншасы Ресейде қаза болғаны белгісіз. Ол туралы мәлімет айтылмайды.

Ал 2021 жылы Қырғызстанға 540 мәйіт жеткізілген. Мәйіттерді елге жеткізуге мемлекет бюджетінен 45 миллион 270 мың сом жұмсалған. Шетелде қаза болған қырғыз азаматтарының сүйегін елге жеткізу еңбек, көші-қон және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі мен шетел консулдықтары арқылы жүзеге асады.

Қазіргі таңда Қырғызстанның миллионнан астам азаматы Ресейде нәпақа тауып жүр. 30 жылда 650 мыңнан астам қырғызстандық Ресей азаматтығын алған. Жақында Ресей думасының депутаты осы елде жұмыс істеп, төлқұжатын алған Орталық Азия азаматтарын да Украинаға соғысқа жіберу керек деген бастама көтеріп отыр. Сонымен қатар Ресей азаматтығын алу үшін шетел азаматтары «арнайы әскери операция» деп аталатын соғысқа бір жыл қатысуы тиіс және орыс түрмесіне түскен мигранттарға да соғысқа барса ақталып және азаматтық алуына жағдай жасалынады деген ақпарат бар.    

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025

АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға елге оралуға қаржылай көмек ұсынылды

07.05.2025

Трамп бір жыл ішінде 1 миллион мигрантты депортацияламақ

14.04.2025

Көбі Қытайдан келген: Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

27.03.2025

АҚШ 500 мың мигрантты елден шығарғалы жатыр

23.03.2025

АҚШ-та заңсыз мигранттарды депортациялау басталды

25.01.2025
MalimBlocks
АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға елге оралуға қаржылай көмек ұсынылды

Трамп бір жыл ішінде 1 миллион мигрантты депортацияламақ

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әкімшілігі елдегі мигранттарды жаппай депортациялауды қайта қолға алып, алғашқы жылы ішінде 1 миллион адамды елден шығаруды мақсат етіп отыр

Көбі Қытайдан келген: Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға шетелден келген жұмысшылар статистикасын ұсынды

АҚШ 500 мың мигрантты елден шығарғалы жатыр

АҚШ билігі Куба, Гаити, Никарагуа және Венесуэла азаматтарына арналған CHNV миграциялық бағдарламасын тоқтатты. Осыған байланысты 500 мыңға жуық мигрант ел аумағынан бір ай ішінде кетуге тиіс

АҚШ-та заңсыз мигранттарды депортациялау басталды