Сирияда соғысқан Асайынов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

«Аллаһқа жолыққанша», яғни өле өлгенше соғысқысы» келетінін айтқан

Malim Админ

  • 19.10.2023

Қазақстанда туып, кейіннен АҚШ азаматтығын алған Руслан Асайынов Сириядағы соғысқа қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.  АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, Руслан Асайынов әйелімен және баласымен Бруклинде тұрған. Алайда 2013 жылы отбасын тастап, Сириядағы ДАИШ қатарына қосылып кеткен.

Ол Түркия арқылы Сирияға жетіп, сол жақта жауынгерлік дайындықтан өткен соң, ДАИШ жасағында снайпер болған. Кейіннен топқа жаңадан қосылған атқыштар жасағын жаттықтырады. Тіпті қару-жарақ жеткізуші қызметін атқарғаны үшін «әмір» дәрежесіне дейін көтерілгені айтылады. Сонымен қатар АҚШ тұрғынын лаңкестік ұйым қатарына тартуға тырысқан.

«АҚШ азаматы, Бруклиндегі Бей-Ридж қаласының бұрынғы тұрғыны, 46 жастағы Руслан Маратұлы Асайынов шетелдік лаңкестік ұйым деп танылған ДАИШ-ке материалдық қолдау көрсеткені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Аталған жаза Асайыновқа ДАИШ мүшесі ретінде жасаған қанды қырғыны үшін жауапкершілік жүктейді. Айыпталушы өз өмірін осы лаңкестік ұйымға арнап, Сирияда көп адамға ажал құштырған мергенге айналған және өз машық-дағдысын лаңкестік топтың өзге мүшелеріне үйреткен. Сотталушы осы күнге дейін бұл қылмысқа шексіз берілгенін көрсетіп келді. Сондай-ақ Асайынов ДАИШ-ке материалдық қолдау көрсету және сот төрелігіне кедергі жасау мақсатында сөз байласты деген айыптар бойынша 20 жылға, сондай-ақ ДАИШ-пен әскери дайындықтан өткені үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - деп мәлімдеді АҚШ Әділет министрлігі.

Сондай-ақ айыпталушы бұрынғы әйеліне 2015 жылдың қаңтарында жазған дыбыстық хабарламасында ДАИШ-тің құрамында соғысып жүргенін айтып, қаза тапқан үш содырмен бірге түскен суретін жіберген.

Ал кейіннен қолға түсіп, түрмеде жатқан уақытында анасына жазған хабарламасында «егер қамаудан босайтын күн туса, тағы да ДАИШ құрамына қосылып, жиһадқа оралуды көздейтінін және «Аллаһқа жолыққанша», яғни өле өлгенше соғысқысы» келетінін айтқан. 2020 жылдың қыркүйегінде тергеу изоляторының қызметкерлері Асайыновтың камерасының қабырғасына ілінген ДАИШ-тың уақытша туын тәркілеген. Айта кетсек, Руслан Асайынов 2019 жылы Сирия-Ирак шекарасына жақын Багуз қаласында болған атыстан кейін қолға түскен. 

Байланысты жаналықтар

Пейджерлер жарылып, 2700-ден астам адам жарақат алды

18.09.2024

Трампқа тағы да қастандық жасалды

16.09.2024

АҚШ құрамасы Қазақ еліне рахмет айтып, әсерлі видео жариялады

15.09.2024

"АҚШ-ты Қытайға саттың". Камала Харрис Трампты айыптады

11.09.2024

АҚШ-тағы сайлау: сауалнама нәтижесінде тең түсті

09.09.2024

Ерке Есмахан мен Раймның Америкадағы концерті кейінге қалдырылды

05.09.2024
MalimBlocks
Пейджерлер жарылып, 2700-ден астам адам жарақат алды

Зардап шеккендер - «Хезболла» мүшелері

Трампқа тағы да қастандық жасалды

Трамп атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды

АҚШ құрамасы Қазақ еліне рахмет айтып, әсерлі видео жариялады

Олар Көшпенділер ойындарында көкпар және көкбөріден сынға түсті

"АҚШ-ты Қытайға саттың". Камала Харрис Трампты айыптады

Бұл пікірталас - 5 қараша өтетін сайлаудың алдындағы маңызды сәт

АҚШ-тағы сайлау: сауалнама нәтижесінде тең түсті

Бұл сайлауда үміткерлердің кез келгені жеңіске жетуі мүмкін екенін білдіреді

Ерке Есмахан мен Раймның Америкадағы концерті кейінге қалдырылды

Өнер иелері АҚШ-тың 4 қаласында концерт өткізбек.