Сыр құрылысшылары мен Арал балықшылары Назарбаевқа саулық тіледі
Бірінші президенттің коронавируске шалдыққан естіген еліміздің түкпір-түкпіріндегі жұрт Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдап, саулығын тілеп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның бұрынғы Балық министрі, мемлекет қайраткері Құдайберген Сержанов Арал өңірінің балықшылары атынан хат жолдап, амандығын тіледі.
"Халқымыз "Ауру - атанды да шөктірер" деп бекер айтпаса керек. Бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырғандай, елімізде әлемді шарлаған індетке шалдығушылар саны тым артып барады. Бүгін Сіздің де осы вирусты жұқтырғаныңыз туралы жайсыз хабарды естіп отырмыз. Әрине деннің саулығы, жанның амандығы кімге болса да үлкен олжа. Сондықтан Сіздің де мына індеттен тездетіп сауығып кетуіңізге шын көңілмен тілектестігімізді білдіреміз. Алып жатқан еміңіздің шипасын берсін!" - делінген хатта.
Сонымен қатар Сыр құрылысшылары да елбасына хат жолдап, тезірек сауығуын тіледі.
Сыр құрылысшылары атынан елбасыға хат жолдаған «БАҚ-БЕРЕКЕ» ЖШС директоры Қайрат Ерназаровтың хатында былай делінген:
"Қазіргі таңда елімізде эпидимиологиялық жағдай күрделенуде. Барлығымыз қазақ халқының саулығы үшін алаңдаулымыз. Бүгін БАҚ жарияланған хабар бізді бей-жәй қалдырмады. Еліміздің дамуы үшін Сіздің еңбегіңіз бен үлесіңіз зор. Сарабдал саясатыныңыздың арқасында тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз тыныш. Сіз салған сара жол арқылы, халқымыз кез келген қиындықты еңсеретініне сенімім мол! Сізге зор денсаулық, індетті жеңіп шығуға қажырлы қайрат тілеймін!".