TALIS-2024 мұғалімдердің білім беру ортасын бағалайды

Халықаралық Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізетін зерттеу Қазақстанда осымен екінші мәрте өтпек. Бұл зерттеуден алынған мәліметтер «Педагог мәртебесі туралы" арнайы заңда пайдаланылған.

  • 20.02.2023

 

Педагог мәртебесі, мұғалімдердің білім алуына жағдай жасау, қағазбастылықтан арылту туралы не үшін айтылып жүр? Бұл ең алдымен ұстаздың жеке тұлғалық қасиетін арттыу, білімін жетілдіру, еңсесін көтеру мәселесінен туындаған шаруалар. Жалақысы жоғары, жұмысы жайлы мұғалімнің ізденісін арттыруға мүмкіндігі де көп болады. Осы мәселеге байланысты арнайы зерттеу жүргізіледі. Халықаралық тәжірибеде қарастылырылған мәселе. Соның негізгісі ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың зерттеу жұмысын атауға болады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің хабарлауынша, TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың зерттеу жұмысы 2023 жылдың ақпан-наурыз айларында өтпек. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты мұғалімдердің еңбек жағдайларын және мектептердегі білім беру ортасын бағалау. Бұл зерттеуге Қазақстанның республикалық маңызы бар 3 қаласы мен  5 шағын өңірінен 800 мұғалім, 42 мектеп директоры қатыспақ.

«Бұл мұғалімдердің еңбек жағдайы мен мектептердегі білім беру ортасын бағалайтын жалғыз ауқымды халықаралық зерттеу. Ондағы жинақталған мәліметтер педагог кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру, мұғалімдерді ынталандыру. Сонымен қатар оқу бағдарламаларын әзірлеуде пайдаланылатын болады», - дейді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Динара Әбілқанова.

Халықаралық беделді ұйым саналатын ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) алты жыл сайын мұғалімдер мен мектеп директорлары арасында сауалнама арқылы зерттеу жүргізіп тұрады. Бұл талдаудың маңызы неде? Педагогтардың білімін арттыру, педагогикалық корпустың сапасын табу үшін ең алдымен оның осал тұсын анықтау дәлелдеуді қажет етпейді. Осы талдау ашық жүргізіле отырып, мектептердегі негізгі ортақ проблемалар, артық кеткен, кем соққан тұстары алдын ала зерттеледі. Осының арқасында мұғалімдердің еңбек жағдайы мен мектептердегі білім беру ортасына тәуелсіз бағалауға мүмкіндік туады.

Бұл зерттеу осымен екінші мәрте кешенді түрде жүргізілмек. Алғаш рет педагог мәртебесі туралы заң шығару мәселесі көтеріле бастаған 2018 жылы өткізілген Ол кезде де Қазақстанның барлық аймағынан 6 жарым мың мұғалім мен 331 мектеп директоры қатысып, халықаралық деңгейде өз пікірлерін білдірген. Осы щерттеу кезінде алынған деректер мен статистика негізінде жаңа заң әзірленді. Сондай-ақ зерттеу қорытындылары Білім және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да ескерілген.

Байланысты жаналықтар

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

29.11.2023

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

29.11.2023
MalimBlocks
Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

7 жыл бойы донор іздегендер бар

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуына жағдай жасалып, диалог күшейтілді.