Тасқын, дауыл, сел «Құнанбай әулетін» талқан етті

  • 11.07.2021

Кешегі түстен кейінгі қатты жаңбыр, дауыл, сел Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылымен қатар Ақшоқыдағы «Құнанбай әулетінің» де қорымын талқан етті. Қанша жерден табиғи апатқа балағанымызбен, өткен жылы ғана атап өтілген Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы еріксіз еске түсіп тұратыны түсінікті. Ақын тойы аясында Ақшоқы қыстауындағы Құнанбай Өскенбайұлы мен ұрпақтары жерленген тарихи нысан да былтыр ерекше әрленген болатын. Құнанбай Өскенбайұлының құрметіне музей салынып пайдалануға берілгені де елдің есінде.

Алайда, күні кешегі боран Ақшоқыдағы тарихи нысанда былтырғы абаттандырудың қалайша сапасыз жүргізілгендігін көрсетіп берді.

Демалушыларға арналған шатырлы ағаш орын қисая құлағаны аздай, Абайдың әкесі туралы жазылған мрамор тас ортасынан қақ бөлініпті. Бұл туралы аудан орталығы Қарауылда тұратын Мәлікаждар Жүнісжанов «Фейсбук» әлеуметтік желісінде жариялап, сондағы бірқатар топтарға таратып дабыл қақты. Сонымен қатар Абайдың 175 жылдығы аясында салынған нысандардың бір жаңбыр, дауылға шыдамай қирап қалғанына қынжылысын білдірді.

-Абайдың 125жылдығында салынған бірде бір нысан нөсерден құлаған жоқ. Өйткені әрбір құрылысты ауданның сол кездегі бірінші басшысы Хафиз Матаев тікелей бақылайтын, өзі үлгермей жатса, ауатком басшыларына тапсыратын. 50 жыл өтседе, сол құрылыстар әлі тұр. Бақыламаған сон мердігерлерге бәрібір,-деді ол.

Ал, мәселенің байыбына үңілсек, бұл мәдени маңызы бар нысан қазіргі күні Семей қаласындағы облыстық өлкетану музейінің қарамағына қарайды. Музей басшысы Қайрат Сабырбай  орын алған жағдайға қатысты былайша түсінік берді.

-Музей тарапынан ауданға хабарладық. Дүйсенбі күні акт жасатамыз. Негізі тапсырыс беруші біз емес. Абай Мәдениет үйі мекемесінен қабылдап алғанбыз. Осы нысан құрылысын жасаған мердігердің кепілдігі бар болса, сол қайтадан жасап береді. Ол енді, ертеңгі акт жасалған соң барып, белгілі болады. Қабылдап алғанымызға бір апта ғана болған еді дейді,- музей басшысы Қайрат Сабырбай.

Сәтжан Қасымжанұлы,

Шығыс Қазақстан облысы.

 

Байланысты жаналықтар

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024
MalimBlocks
Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!