Түркістан: Халық референдум арқылы өзгерістерді таңдады
Өздеріңізге белгілі, 2022 жылдың 5 – маусымында
референдум болып өтті. Референдум – мемлекеттік маңызы бар
мәселені халықтық дауысқа салу. Заң жобаларын және өзге де
шешімдерді, оның ішінде мемлекеттік және жергілікті маңызы бар
шешімдерді дауысқа салу арқылы азаматтардың шешім қабылдау
процесіне қатысу тәсілі. Референдум нәтижелері Президентімізді
мүмкіндігінше әрекет етуге, жаңа бастамалар, жаңа бағыттар жасауына
мүмкіндік береді. Түркістан облысы, Шардара ауданында референдум
жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Айта кетерлігі, референдум барысында ел ұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауыстарын берді. Біршамасына тоқтала кетсек:
- Жер мен жер астындағы байлық халыққа тиесілі болды;
- Қазақстандықтар тікелей Конституциялық сотқа жүгіне алады;
- Қазақстанда өлім жазасы болмайды;
Референдумды ауыл тұрғындары өте жақсы қабылдап, атсалысып,
қуана өз дауыстарын білдіріп жатты. Референдум қорытындысы
бойынша Президентіміз Қазақстан халқына үндеу жолдады. Ол
Референдум нәтижесінде билік тармақтары арасындағы байланыстың
жаңа үлгісін қалыптастыруға, мемлекет басқару ісіне азаматтардың
қатысуына жол ашуға мүмкіндік туғанын және адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғау жүйесі нығайғанын айтты. Еліміздің
басты байлығы – бұл біздің халқымыз және оның жайлы тұрмысы екенін айтып, ел сенімін оятты. Референдумнан кейін басшылықта көптеген өзгерістер болды.
Мажоритарлық жүйе енгізілді. Яғни қазақстандық әрбір азамат пен
азаматшалар өзін кандидаттыққа ұсына алады. Әрине, бұл қызу еңбектің арқасында білім, адалдық, шындық жатыр деп ойлаймын. Әрбір жаңалық халыққа жақсы ой салады, жақсы жұмыс істеуге жетелейді. Жалпы жаңалық, жаңашалықтан қорықпау керек деп ойлаймын. Өйткені, жаңашалық бар жерде өсу, өркендеу, даму бар.
Өзгерістер – әр адамзатқа лайықты өмір. Конституцияға енгізілген
өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір
мақсатты көздейтіні белгілі.
Біздің ауылымызда, яғни Шардара ауданы, Достық ауылында биыл
сайлау болды. Ауыл әкімін сайлады. Қаладан, басқа ауылдардан
үміткерлер көп болды. Десек те, ауыл тұрғындары ауылымыздан
мажоритарлық жүйеге сай өзін кандидаттыққа ұсынған Ақжігітов
Ерлан мырзаға дауыс беріп, сайлап алды. Ауылымыздан болғанына
қатты қуандық. Тұрғындар «негізі ауылдан болғаны жақсы
болды. Ол сайлауға түскенде көптеген жақсы жұмыстарға уәде
берді ғой, енді соны орындауға тырысады» , дейді. Сенімнің ақталу-ақталмасын уақыт көрсетеді. Ең бастысы, елде нақты өзгерістер болып жатыр.
Ш. Ордабекова,
Шардара ауданы, Достық ауылының
кітапханасының кітапханашысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.