Ұстаздар арасындағы сайыс бәсекеге қабілеттілікті арттырады

  • 29.03.2023

 

Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру, олардың қоғам алдындағы мәртебесін көтеру әсіресе соңғы жылдары жиі көтеріліп жүрген мәселе. Жалақылары көтеріліп келеді, қосымша жұмыстардан босатылды. Мұның барлығы олардың өзңн өзң дамытуына мүмкіндік беретін қадамдар. Дегенмен, мықты мұғалім қалыптастыру үшін іс мұнымен бітпейді. Мұғалім қай кезде де өзінің қай деңгейде тұрғанын біліп отыруы тиіс.

ҚР Оқу ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылымыи-практикалық орталығы 2023 жылдың 28-29 наурыз аралығында Ақтөбе облыстық Білім басқармасымен бірігіп, педагог мамандығын кеңінен насихаттау, педагогтердің беделін арттыру, кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында математика пәні мұғалімдері арасында «математикалық регата» олимпиадасын өткізді.

Бұл олимпиадаға еліміздің барлық аймақтарынан және білім беру ұйымдары математика пәні мұғалімдерінен тұратын 4 адамнан тұратын командалар ұсынылды. Еліміздің түкпір-түкпірен жиналған математика пәнінің мұғалімдерінен 23 команда бақ сынасты.

Олимпиада төрт кезеңнен тұрады және әр кезеңде үш тапсырма беріліп отырады. Бірінші тапсырма – математикалык анализ негізінде алгабра пәнінен болса, екіншісі – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлык және сандық тапсырма.

 Бұл олимпиаданың жалпы мақсаты мен міндеті – мұғалімдерді жігерлендіру, кәсіби біліктіліктерін арттыру, қызметтерінде жоғарғы нәтижелерге жетуге ынталандыру, мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастырып бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруына ықпал ету.

Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарынан қатысуға мүмкіндіктері бар және ол 3 кезеңнен тұрады – аудандық, қалалық, облыстық, одан өтсе республикалық олимпиадаға жолдама алады. Әр жыл сайын наурыз айында оқу демалысы кезінде өткізіліп отырады.

Олимпида қорытындысы бойынша Алматы қаласы «Жалын» командасы  бірінші орынды иеленіп, жеңіске жетсе, Шығыс Қазақстан мен Жетісу облыстарының математиктері екінші орын алды, ал үшінші орын Алматы, Ақтөбе және Назарбаев зияткерлік мектептерінің педагогтеріне бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының 1, 2 ,3 дәрежелі дипломдарымен және мақтау грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, әр команда мүшесінің қатысушыларына сыйлықтар да табыс етілді.

Елімізде мұғалімдер арасындағы олимпиадалар кеңінен өткізіліп отыруының басты мақсаты – мұғалімдік мәртебенің жоғарылауы, педагог мамандығының кеңінен таралуы, біліктіліктері мен тәжірибелерінің алмасуы, шыңдалуы. Ұстаздарға елімізде соңғы жылдары жақсы мүмкіндіктер мен жағдай жасалынып отыр. Мәселен біліктіліктерін арттыру мақсатындағы курстар, арнайы оқулар, оқу орындарындағы гранттар, құқықтары мен міндеттерін айқындайтын заң да қабылдынды. Заң аясында мұғалімдерге жоғарғы жалақы қарастырылған және қағазбастылықты азайтып, өзге де мұғалімдік міндеттен тыс жұмыстар қорғалды. Мұғалім мәртебесі қашан да өзекті болып келеді. Білімді, білікті ұстаздар қатары көбейіп, болашақ жастарымыз сапалы, саналы болуын қамтамасыз етуге мемлекет барынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Мұғалім – ұлттың болашағын қалыптастыратын бірден бір мамандық. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», демек, болашақ ұрпаққа білімді және тәжірибелі ұстаздар қашан да көптік етпесі анық.

Байланысты жаналықтар

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

29.11.2023

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

29.11.2023
MalimBlocks
Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

7 жыл бойы донор іздегендер бар

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуына жағдай жасалып, диалог күшейтілді.