«Үздік жас педагог» байқауының маңызы зор

  • 24.04.2023

 

Ұстаздар қауымының мәртебесін көтеру үшін тек жалақыларын көтеру жеткіліксіз. Оларпдың өздерін дамытуға берілген мүмкіндіктен бөлек, оларға берілетін түрлі мотивациялар да аз болмауы керек. Сондықтан, ұстаздар арасында өткізілетін сайыстарды да осы қатарға қосуға болады. Мұғалім бұл сайысқа қатысу арқылы өзін дәлелдеп қана қоймайды, өзге мұғалімдердің қай деңгейде тұрғанынан хабардар болады және өзін дамыта түсу үшін құлшыныс пайда болады. Бұл, тек сайыс қана емес, тәжірибе алмасу деп атаса да болады. Өйткені, бұл сайыс кезінде әр өңірден келген үздік мұғалімдер өзара тілдесіп, араласып, қай пәнді қалай оқытатыны жайлы пікір алмасуға да мүмкіндік табады.

Мемлекетіміз педагогтерді дамыту, білімін жетілдіру сынды курстарына, сондай-ақ, олимпиадалар мен конкурстарға жиі жіберуді қолға алып отыр. Ол мұғалімдердің жігерлері мен ынтасын арттыруға септігін тигізеді. Педагогтер  жаңа технологиялармен сабақ кестесін жүргізіп, заман талабына сай жаңашылдыққа бет бұрады.  

Жас педагогтердің арасында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты VI Республикалық байқау өтті. Қатысушылар байқаудағы аудандық және облыстық турларындағы жүлдегерлер.

Байқаудың соңғы кезеңіндегі қорытынды бойынша Ақмола облысының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәмелі Өмірзақова бас жүлденің иегері атанды. Бірінші орын Абай облысы, физика пәнінің мұғалімі Жасқайрат Наубетов, екінші орын Ұлдана Жақсылықова, ал, үшінші орын Батыс Қазақстан облысы Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Дамир Кунашевке тиесілі болды.

«Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Сержан Алибаевтың айтуынша - байқаудың алғашқы кезеңі бойынша педагогтер «Жаңа мектепке-жаңашыл мұғалім» тақырыбымен эссе жазған. Өз өмірлік, кәсіби және жеке ұстанымдарын, педагогикалық идеяларын ашып жазды. Ең маңызды сәт байқауға қатысушы педагогтер танымайтын сыныпта сабақ жүргізіп, сабақ өту. Конкурсқа арналған сабақ тақырыбын таңдау өз ерктерінде болды. Байқаудың соңғы кезеңіндегі шарт «Шығармашылық жолдың басталуы» деген презентация жасау. Қатысушылар өздері жайлы және мамандыққа қатысты өз көзқарастары туралы айтып берді. Сондай-ақ әрбір педагогтің кәсіби имиджін ашып айтуда, педагогикалық ұстанымдары туралы талқылаудағы шығармашылық ізденістің барын айтып өтті.

Еліміздің Алматы, Абай, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының ұстаздары « Дарынды ұстаз», «Шығармашыл ұстаз», «Табиғат бірлігі», «Жігерлі ұстаз» сияқты номинациялармен марапатталды.

Байқаулардың көбеюі жас педагогтерді ынталандырып, жұмыстарына шабыт сыйлап, сондай-ақ тәжірибие жинап, бәсекеге қабілеттіліктерін арттырады. Педагогтер арасындағы осы сынды жас мамандарға жігер сыйлайтын жаңашыл бағыттағы жарыстар мен конкурстар көптеп ұйымдастырылу жоспарланып отыр.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін